Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 49

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жүйесі нің дамуы және Ресей үкіметінің саясаты. Қазақстан жерінің патша әкімшілігі тарапынан отарлау үдерісінің негізінде қабылданған әкімшілік реформалар тіл, дін, ағарту салаларына айтарлықтай өзгерістер алып келді. Қазақстандағы білім жүйесінің дамуына Ресей империясының ықпалына қатысты 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі білім жүйесін үш бағытта қарастырды. Біріншіден, әлі аз орыстанғандар үшін, екіншіден, орыстары көп жерде тұратындар үшін, үшіншіден, жергілікті дәрежеде орыстанғандар үшін78. Бұл жаңа өзгеріске шынымен де бастапқыда үрке қараған жұрттың бойын үйретуде патша әкімшілігі қулыққа барып, әр ру басшыларына шен-шекпен беру арқылы сеніміне кіріп, оларды патша билігіне қалтқысыз қызмет етуге мойын бұрғызды. Қазақ даласына миссионерлерді жіберу арқылы оқу, оқыту жүйесін орыстандыру саясатын қолға алып, ислам дінін ығыстыруды көздеді.

      Мұсылман дінінің құралы ретіндегі араб жазуын орыс әліпбиімен алмастыру арқылы ақырындап орыс-түзем мектептерін енгізу қолға алынды. Сөйтіп, патша үкіметі отарлау үрдісі барысында ислам дініндегі Орта Азия мен Кавказдағы түркі халықтарының өміріндегі ықпалын әлсірете отырып, оны жоюға тырысты. Осы мақсатты Н.И. Ильминский, Н.Н. Остроумов, А. Васильев, И.Я. Яковлев және т.б. миссионерлер жүзеге асыруға белсене кіріскен. Мәселен, Н.И. Ильминский өзінің миссионерлік әрекетін жазған хаттарында бұл жөнінде айқын келтіреді.

      ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қазақ даласында байырғы халықтың балаларын оқытуға арналған еуропалық үлгідегі мектептер жоқтың қасы еді.

      Ал мұндай бастауыш мектеп 1841 жылы тек Бөкей ордасында ғана ашылды. Отаршылдық аппараттың төменгі органдарына хатшылар мен тілмаштар даярлау үшін 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытуға арналған жеті жылдық арнаулы мектеп ашылды.

      ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты болды. 1867-1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймағында жұмыс істей бастады. 1868-1869 жылдарда Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, олардың қатарында 2 екі сыныптық, 6 селолық бір сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1887 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Оралда 2250 оқушы оқыды, бұл сол өңірдегі мектеп жасындағы қазақ балаларының 2 пайызынан сәл ғана асатын еді. 1894 жылы Орал қаласында ер балалардың әскери гимназиясы, діни училище ашылды. Бұған қоса облыс бойынша 37 шіркеу мектебі, 77 станциялық, поселкелік шағын мектеп, сондай-ақ 10 болыстық орыс-қазақ мектебі болған еді. Бұл мектептерде барлығы 2984 оқушы оқыды.

      Патша үкіметі қазақ арасында татар мәдениетінің таралып кетуінен қорықты. Себебі ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда татар тілінде басылған әдебиеттер кең таралып, медреселерде осы тілде жазылған

Скачать книгу


<p>78</p>

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2002. – 3-том. – 765 б.