Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 52

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

өзен аңғарлары мен тау шатқалдарында салынған. Бұл үй үлгілері тастан, қамыстан құрылыс түрінде, тік бұрышты жертөле немесе жеркепе ретінде саз балшықтан салынған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының қоныс аудару саясатының тигізген әсерінің негізінде Қазақстанның орманды аймақтарында ағаштан алты қырлы орыс шаруаларының үлгісіндегі үйлер салына бастады. Сонымен қатар қыстақтардағы отырықшылыққа бейімделген қазақтардың тұрғын үйлерінің өсіп-дамуына қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруы да өз әсерін тигізді. Орыс мәдениетінің ықпалынан қазақтар көрпе-жастық жинайтын ағаш төсектермен қатар әйнектелген ыдыс-аяқ жинайтын сөрелер, буфеттерді сатып алып немесе ағаш шеберлері дайындап қолданысқа енгізді.

      Көшпенді мал шаруашылығындағы күрделі еңбек құралдарына тоқталатын болсақ жылқы ұстау үшін құрық, арқан, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды. Ал құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. Қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

      Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден пайда болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпен мен күрек пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.

      Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең «қазақ ері» болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ер-тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің барлығын – тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б. жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін өретін шеберлерді «өрімші» деп атаған.

      Қазақтардағы көшпенді тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің – тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйелдер айналысты, олар, негізінен алғанда, үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б. дайындады.

      Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар

Скачать книгу