Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 26
Дыбыстың жұтылуы. Бұл дыбыс энергиясының энергияның басқа түріне қайтымсыз айналу процесі. Дыбыстың жұтылуы жиілікке тәуелді болады. Сондықтан да жоғары жиіліктегі ультрадыбыс пен гипердыбыс қысқа қашықтыққа таралады. Атмосферада, суда және жер қыртысында инфрадыбыс толқындары аз жұтылатын болғандықтан алысырақ қашықтыққа жетеді [35].
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарлардың технологиясы. – А., 1999.
2. Машкова Г.Г., Степанов С.И. Основы радиотехники. – М., 1992.
3. Энциклопедический словарь юного техника. – М., 1997.
4. Справочник по радиовещанию / А. Выходецтің жетекшілігімен. – М., 1999.
5. Рытин Э.А. Техника и методика электронных средств журналистики. – М., 1994.
Қосымша:
1. Бродский М. Аудеовидео магнитофоны. – М., 1995.
2. Никонов В. Эксплуатация и применение электронных средств журналистики. – М., 1990.
3. Ворошилов В.В. Техника и технология СМИ. – СПб., 2000.
Түйін сөздер:
1. Радиожурналист оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндайды, яғни радиожурналиске сенім күштірек, сонда тележурналиске сенім аз ба?
2. Соңғы жылдары кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар радионың мүмкіндігін бұрынғыдан да арттырды.
Пікірталас тудыратын сұрақтар:
1. Дыбыс болмаса да адамзаттың өмір сүруіне болатынын ғалымдар дәлелдепті-мыс.
2. Телерадиожурналистер үшін дауыс басты ма әлде сыртқы көрік басты мәселе ме?
СОӨЖ тақырыптары:
1. Дыбыстың физикалық қасиеттері жайлы.
2. Дыбыстың таралу процестері.
3. Дыбыстың өзіндік қасиеттері туралы.
4. Дыбыстың өлшемдері туралы.
5. Реверберация процесі жайлы түсінік, қолданылуы.
6. Микрофонның қызметі, басты шарты, түрлері, қолданылу аясы.
7. Магнитофондардың қолданылуы, микшерлеу құралы.
Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыстың табиғаты, қолданылуы, өлшемдеріне анықтама беріңіз.
2. Радиотолқындарды диапазонға бөліп, жіктеңіз.
3. Реверберацияның қолданылуы.
ТЕЛЕРАДИОХАБАРДЫҢ АКУСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
Жоспар:
1. Ғылымда дыбыс толқындарын зерттейтін ғылым саласы – акустика.
2. Қазіргі акустика мазмұнына қарай: жалпы акустика және іс жүзінде қолданылатын акустика болып