Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 27
Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі. Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Тіпті латынша «audire» сөзінен шыққан «аудирование» деген арнайы термин пайда болды. Өйткені бүгінгі талғамы жоғары, талапшыл тыңдаушы аудиториясын шу дегеннен меңгеріп кету, көпшілік ықыласын жаулап алу оңай шаруа емес. Ол журналист шығармашылығында кездесетін психологиялық сәттерді шебер игеруге байланысты болады екен. Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек: Біріншісі – біраз үнсіздіктен кейін естілген диктор үні немесе музыка. Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол. Келесісі – аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаланып тыңдаушылар күткен өзекті тақырыпқа бару. Соңғысы әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесіне байланысты туындайды. Мысалы, хабардың музыкалық «шапкасын» (эфирдің басталу процесі) немесе