қоймай, керісінше, тепе-теңдік құқында ол процестің ішіне ену. Бұл елді дамытуға жаңаша көзқарасты талап етеді. Соған байланысты Қазақстан қоғамы тек экономиканы сандық, көлемдік жағынан ғана көтеріп қоймай, ендігі жерде оны ғылымның, техниканың, технологиялардың, коммуникативтілік жүйелерінің озық жетістіктерімен үйлестіре отырып көрсетуге бағыт ұстайды. Осындай жауапты қадамдар мен міндеттер тек етек жеңі жинақы, ұйымшыл, білімді, жоғары мәдениетті, интеллектуалды әрі адамгершілікті елмен, оның осыған сай азаматтары арқасында, олардың тиімді еңбегі арқылы ғана мүмкін болмақ. Батыс елдер тарихы мен әлеуметтік тәжірибесінде жоғары рухани мәдениетсіз, терең тамыр жайған адамгершіліксіз ешқандай озық техника мен технология жекелеген елдерді, олардың азаматтарын да бақытты ете алмайтыны дәлелденді. Жоғары дамыған материалдық байлық қоғамдық ортада жоғары дамыған рухани кеңістікке жол ашады. Демек, еліміздің табысты тіршілігі мен тәуелсіз әрі бәсекеге төтеп беретін мемлекет болу кепілдігі – біздің адамдарымыз. Біз, қазақстандықтар, сан жағынан шағын елміз. Алайда басты мәселе тек халық санында ғана емес, алдымен, сапада, жоғары рухани мәдениеттілік, интеллект пен патриоттық үйлесімінде. Қазіргі тарихи уақыт пен глобальды қауымдастыққа тепе-теңдік принципі негізінде тіршілік ету жаңа типті адам тәрбиелеуді алға қойды. Ол – білімді, тәрбиелі, коммуникативтік қабілеті жоғары, биологиялық және психологиялық дені сау, әлеуметтік бағдары мен рухани мәдениеті қалыптасқан адам» [1], – деген болатын. Міне, осындай жан-жақты дамыған елдің ертеңін жалғастыратын мамандар дайындалуы үшін қызмет ететін – бұқаралық ақпарат құралы, яғни сол арқылы мемлекет мүддесі айқындалып отыруы тиіс. Қазіргі кездегі әртүрлі партиялық, экономикалық үрдістер, дүниежүзілік қарым-қатынастың күшеюі, соғыс әрекеттері тәрізді жайлар ақпараттық тасқынды күшейтіп отыр. Оқырман ба, тыңдарман ба, көрермен бе нені оқып, нені тыңдап, нені көрер мәселесіне халық ретінде аса талаппен қарайды. Осы тұрғыдан келгенде кез келген журналист өз өнімінің өтімді болуы үшін, өз рейтингі жоғары болуы үшін күреседі.
ХХІ ғасыр және болашақ келер заман жоғары технологиялар дәуірі болмақ. Шағын, қолайлы құралдар тұрмысымыздан кең орын алып, адамның еңбегін ғылыми ұйымдастыруда үлкен ізденістермен жолға қойылуда. Бүгінгі ақпараттық тасқынның негізгі көзі болып отырған – телерадиотехнологиялар. Телерадиотехнологиялар дамуының әсерінен телеақпаратқа, интернетақпаратқа кең жол ашылуда. Ғарыштық телевизия, видеоаудиоқұрылғылар, компьютерлердің қарқынды бұқаралық құралға айналуы сондай, тіпті шын мәнінде, оны толық бақылау мүмкін болмай барады. Әлемнің тұрғындарына мұндай технологияның әсері соншалықты тіпті айтарлықтай психологиялық өзгерістерді де тудыруда. Қазіргі кезде «компьютерлік психология» деген термин де қолданысқа енген. Ал, бұған қосымша, видео және космостық байланысты біріктіріп, «технопсихология» делінуде. Бұл жаңа психология тұрғысынан әлемді