.

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 4

Автор:
Жанр:
Серия:
Издательство:
 -

Скачать книгу

барлығы – заңды құбылыс, кәсіби шыңдалу жолындағы ізденістер. Дегенмен білікті журналист қай салада істемесін қоғамдық дамуға, сананың өсуіне ықпал ететіндей еңбек еткені жөн.

      Журналистика әлемінде ұдайы ақпараттық алмасу жүріп отырады, радиожурналист те баспасөздің, телеарна мен интернеттің материалдарын тікелей немесе өңделген күйінде өз қызметінде пайдалануы мүмкін. Тіпті радионың алғаш қалыптасуында газет мәтінін оқу тұр. «Радиогазет» деп аталған хабар пішіні осы газеттен алынған ақпараттар негізінде жүргізілетін («Радиогазеттің» ең алғашқы редакторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Б. Кенжебаев болатын). Радиоарналар қазір де баспасөзде жарияланған қызықты материалдарға шолу жасап, көпшіліктің назарын аударып отырады. Ал, радиодан берілген хабарлардың теленұсқасы беріледі, мысалы, «Жұлдыз FM» форматты радиосының хабарларын алуға болады. БАҚ түрлерінің негізінен дереккөздері бір, мақсаты ортақ болғанымен, оны аудиторияға жеткізу технологиясы ғана өзгеше болып келеді. Мысалы, баспасөз мәслихатына газет тілшісі, радиожурналист, тележурналист, веб-редактор да бірдей қатыса береді. БАҚ жүйесінде жанрлар мен пішіндер де ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған. Бүгінгі телевизиялық жанрлар да бастауын газеттен алады.

      Радионың пішіндері мен жанрлары да үлкен эволюциялық жолдан өтіп барып қалыптасты, ол өз кезегінде телевизиядан тікелей көрініс тапты. Демек, осының өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы аңғарылады. Жалпы қоғамдық, саяси науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау болсын, музыкалық туындыны насихаттау болсын, белгілі бір тауарды жарнамалау болсын БАҚтарға ортақ міндет – халықты ақпараттық қамтамасыз ету. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді. Ал бүгінгі егемендік, тәуелсіздік жағдайындағы телерадионың мүмкіндігі шексіз артып, бет-бейнесі өзгеріп, бұл ортада да бәсекелестік күшейді, таңдау мүмкіндігі пайда болды. Әртүрлі бағытбағдардағы, стиль мен мәнердегі, пішіндік құрылымы өзгерген телерадиостанциялар көбейді. Телерадиоарна өз қаржысын өзі тауып, дамитын жағдайға жетті, шығармашылық шексіз мүмкіндіктер ашылды. Бүгінгі телевизия және радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі бола алуда. Телерадионың көптеген табиғи қасиеттерінің, әсіресе жеделдігінің арқасында ақпарат жеткізуде көш бойы озық тұр. Әсіресе радионың жеделдігі ерекше.

      Радио тыңдарман үшін әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар, экономикалық жаңалықтар, спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы әуе толқынында тарап жатады. Бәсекелестік жағдайындағы телерадиостанциялар саны жылданжылға көбеюде, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағытбағдары да өзгеріп, өз тыңдармандарын табу

Скачать книгу