Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 5
Радио – ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігіне айналды. Радио шекараны білмейтін, тосқауылсыз арнаға, жаһандық сипатқа ие болды. Шағын ғана, энергияны аз қажетсінетін құрылғылар тұрмысымыздан кең орын алып, адамға көмекшілікке жарады. Бүгінгі ақпараттық тасқынның да бастау бұлағы – телерадиотехнологиялар. Оның жетілдірілген түрі теледидар, радио әдістерімен енді бейнені де жеткізетін болған, бүгінгі газет-журнал, кітабыңыз да радио туындыларсыз басылып шықпайды. Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы дейді ғылымда. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болып табылады. Радионың бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәні мен маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде, қазіргі радиоэфир бір мезгілде миллиондаған адамға жетіп, қажетті ақпаратпен қаруландыра алады. Сөйтіп, радио техникалық құбылыстан бүгінде қоғамдық құбылысқа айналған. Ол миллиондардың санасына ықпал етіп, пікір тудырып, эмоционалды-экспрессивті ықпал ете алады. Кеңестік кезеңде радио идеологиялық құрал ретінде басқарылып, қатаң бақылауда болды, белгілі бір ұстанымдар мен талаптар шеңберінен шыға алмады. Дегенмен радио табиғатынан демократияшыл, ашық құбылыс болатын. Еңкейген қария алысқа көз тастап, радиодағы әдемі әуенге елітіп, жастық шағын сағына көз алдына келтіріп отыратын, бүлдіршін радиокейіпкерлерді қиялмен шолып, армандайтын, жоспарлар құратын. Кез келген адам әуе толқынынан өзіне қажетті ақпаратты ести алады. Радио – қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралының бірі; тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан