Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 19

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

Жануарлардың алуантүрлілігі және сандық көрсеткіштері біршама абиотикалық факторларға Әлемдік мұхиттың гидродинамикасына, жарыққа, тереңдікке және сутүбі грунтының типіне тәуелді. Әлемдік мұхиттың жағалау маңы – судың тасу және қайту зонасында тіршілік ететін организмдердің су деңгейінің және температураның тәуліктік өзгеруіне тұра алатын бейімделушіліктері пайда болған. Олар – белгілі бір уақытта қозғалуы, тақта желбезекті моллюскалардың бақалшықтарының ашылып-жабылуы, грунтқа көмілу. Тақта желбезекті моллюскалар – Mytilus edulis су қайту кезінде қақпақтарын мықтап жауып, мантия қуысында қалған суды қанағат етеді. Егер қажет болған жағдайда тіршілік қабілетін жоғалтпай құрлықта бір айға дейін шыдайды. Онаяқты шаянтәрізділер арасында су қайту кезінде сумен бірге қайтатын, ал су көтерілгенде қайта келетін түрлері де (кейбір крабтар) кездеседі. Еліктіргіш краб су деңгейі көтерілген кезде грунтқа көміледі, ал су қайтқанда белсенділігі артып қорегін іздеуге шығады.

      Кейбір мұртаяқты шаянтәрізділер – теңіз жаңғақтары – Balanus және теңіз үйрекшелері – Lepas, жартастарда өмір сүруге және су тасу-қайту зоналарында тіршілік етуге өте жақсы бейімделген. Олар тек су көтерілген кезде ғана белсенді, ал су қайтқан кезде үйшіктерінің қақпақтарын тығыз жауып анабиозға ұқсас күйге түседі. Әлемдік мұхиттың тасты грунттарының зообентосы, негізінен, губкалардан, маржан полиптерінен тұрады. Сол сияқты қатты субстраттарда кейбір шаянтәрізділер мен тақта желбезекті моллюскалар да мекендейді. Губкалар жағалау маңы зонадан мұхиттың ең терең жерлеріне дейін мекендейді. Бұлар тропикалық және субтропикалық зоналардың шельфтерінде алуантүрлі және көп санды. Маржан полиптерінің (Anthozoa) арасында ең көп кездесетін топ мадрепоралар (Madreporia). Олардың 2100-дей түрі бар. Барлығы дерлік теңіз жануарлары және бекініп тіршілік етеді. Атлант, Үнді және Тынық мұхиттардың тропикалық бөлімдерінде рифтүзуші маржандар тараған. Олардың вертикаль бағытта таралуы шектелген, 50 м тереңдікке дейін түсе алады. Маржан рифтері көптеген теңіз организмдерінің мекендейтін әрі дамитын орны болып табылады. Бұл жерлерде балдырлар, моллюскалар, құрттар, шаянтәрізділер, тікентерілілер көптеп кездеседі. Маржан рифтерінің шіліктерінде көптеген маржан балықтары мекендейді. Қосжақтаулы моллюскалардан кейбір мидиялардың өкілдері кездеседі, олар жартастарға бекініп тіршілік етеді.

      Әлемдік мұхиттың құмды-лайлы және лайлы грунттарында алуантүрлі жануарлар – көпқылтанды құрттар, шаянтәрізділер, моллюскалар, тікентерілілер және басаяқты моллюскалар кездеседі. Грунттың қабатында мекендейтін түптік жануарлар – интерстициалдылар, негізінен, көпқылтанды құрттардың Nereidae тұқымдасының өкілдерінен тұрады. Интерстициалдар – грунттың қабатында мекендеушілер, жерқазғыш интрабионттар, бұлар гидравликалық жолмен, мысалы, құмдауықтың (пескожил) денесінің ішкі сұйықтығы өз еркінше дененің алдыңғы бөлімінен артқы жағына қарай және керісінше қозғалу арқылы грунтқа көміле алады.

      Эпибионттар – сутүбі қабатының үстінде мекендеушілер, бұлардың басқаларынан ерекшелігі жоғарғы таксондарға (тип, класс) жататын жануарлар көптеп кездеседі. Олардың арасында көпқылтанды

Скачать книгу