.
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу - страница 9
Бірақ ең жас академиялар 2007 жылы Израильде құрылған Араб тілі академиясы және 2012 жылы Сауд Арабиясында құрылған Әл-Иқтирад («الاقتراض» кірме сөз) Араб тілі академиясы саналады. Бірінші академияның алғашқы президенті Тель-Авив университетінде қазіргі араб әдебиетінің профессоры доктор Махмұд Ғанаим болды.
Араб академияларының одағы
1956 жылы АЕЛ (Араб елдерінің лигасы) Дамаскідегі І конференцияда осы академияларды біріктіріп, олардың қызметін үйлестіретін одақ құру туралы шешім қабылдады. Академия жұмыстарының координациясына араб елдеріндегі ғылыми терминдерді бірегейлендіру де енді. Алайда тек 1971 жылы Дамаск, Каир, Аммандағы Академиялар одақ құрамына еніп, штаб пәтері Каирде болған араб тілінің ғылыми-лингвистикалық академиясын құрды. Одақ президенті Египеттегі Араб тілі академиясының президенті болып табылады. Кейіннен Араб академиялары одағына араб елдерінің басқа да академиялары қосылды. Академия одағы араб астаналарында жиі семинарлар өткізеді, мысалы терминология облысында: Дамаскіде заңнамалық терминдер, ғылыми термин құрылуының бірыңғай әдістемесі бойынша, Бағдадта мұнай терминдері, Рабатта араб тіліндегі ғылыми символдар, Туниста медициналық терминді арабтандыру және бірегейлендіру, геологиялық терминдер, Амманда ақпараттандыру және жаһандану дәуіріндегі араб тілінің мәселелері бойынша және т.б. Араб әлемінде арабтандыру мен араб тілінің дамуында рөл ойнаған басқа да одақтар құрылған, олардың арасында Араб университеттерінің одағы (1960), Ғылыми зерттеулер кеңесінің одағы (1975) бар.
Сонымен, Араб Шығысы елдерінде терминдер дамуы тарихындағы негізгі кезеңдер Аббас кезеңі, Мұхаммед Әли билігі, тәуелсіздік алу және қазіргі кезең болды, ал терминдер толықтырылуының негізгі ресурстары конференциялар, семинарлар өткізу, терминологиялық пән оқыту, одақтар, академиялар жұмысы және жарияланған еңбектерді журналдар, мақалалар мен сөздіктер түрінде тарату болды.
1. Тәуелсіздік алғаннан кейін терминологияны дамытудағы алғашқы үрдіс пен нәтижелерді атаңыз.
2. Машриқ пен Мағриб елдеріндегі терминология және тілдік жағдайды түсіндіріңіз.
3. Алжир мен Египеттегі терминологияның дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз.
4. Араб тілі академияларының терминологияны дамытудағы орнын көрсетіңіз.
5. Жас Араб тілі академияларының қызметі мен жетістіктеріне тоқталыңыз.
4-дәріс
Терминологиядағы лексика-семантикалық құбылыстар
Терминге кіріспе мәселесіне, соның ішінде терминдер мен олардың түсініктерінің сәйкестену мәселесіне қазіргі терминтанушылар да жүгінеді. Терминге кіріспенің лексика-семантикалық аспектілері