Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 13

Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов

Скачать книгу

бір тәлімді жанұяда дүниеге келген. Туған жерін бұрын Ақбеттау болысы Павлодар уезі Семей губерниясы 10-шы ауыл деп атаған екен.

      Әмина сәбилік, балалық шағын Баянауылда, кейін Павлодар қаласында, 1934 жылы балалар коммунасында (балалар үйінде) өткізді. 1943 жылы ата-анасымен бірге Алматыға көшіп келеді. Мұнда № 12 қазақ мектебіне түсіп, 1939 жылы бітіріп шығады. Оқуға деген ынтасы, әрі қарай жоғары білім алу оның арманы болатын.

      Әмина орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақтың С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінің химия факультетіне (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) түсіп, 1942 жылы бітіріп шығады.

      Бұл кезде елімізде неміс фашистеріне қарсы соғыстың қызу жүріп жатқан кезі. Оқу бітіргендердің бір тобын майдан үшін өте қажетті жұмысқа жібереді. Әмина Жұматова осы Ұлы Отан соғысы жылдарында Селебедегі (Челябинскідегі) қорғаныс өндірісіне қызметке алынып, әскери зауыттың (№ 254 зауыт, п/ж 24) инженері, одан соң сол зауыттың бас инженері болып жұмыс істеген, өзіне жүктелген міндетті орындау жолында, майданды қару-жарақпен үздіксіз, жедел қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін аямаған. Жас қыздың осындай ауыр, жауапты жұмысты атқаруы сол кезеңнің талабы да шығар, соның нәтижесінде денсаулығынан айырылып, 1960 жылы 37 жасында Алматыда қайтыс болды.

      Әмина Жұматқызының туған-туыстары, ағаларынан қазірде біреуі ғана тірі, апасы Маржаннан ерте кезде айырылды. Ал егіз туған екі інісі Жағыпар, Мұзапар 8 жасында 1932 жылғы ашаршылықтан балалар үйінде қайтыс болды. Қалған туған- туыстарының бәрі де Отан алдындағы, елі мен жері алдындағы азаматтық борыштарын тереңнен түсінген, өмірге ынтық жандар болатын. Әмина, әсіресе, өздеріне үлгі-өнеге болып өткен әкесін ақтық демі біткенге дейін қасиеттеп, қастерлеп өтті.

      Әкесі Баянауыл өлкесінің атақты байы Бәзілден туған Досқараның баласы Жұмат. Бұл есім қазақтың әйгілі бір әулетінің ортақ аты болып кеткен. Жұмекең өз заманының атақты адамдары Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікейден дәріс алған.

      Әминаның анасы Қанида Мәдіқызы, руы қозған, әкесі Мәді дінді берік ұстаған, белгілі, білікті, өз руында беделді, ой өрісі кең, парасатты адам болған екен. Балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған.

      Қанида шешей хат танитын. Шаруашылықпен қатар үлкен шаңырақтың бар қиыншылығын көтере білген, ерінің орнын жоқтатпайтын, білікті жан болған. Іс тігіп, кілем, алаша тоқитын, текемет басып, ірімшік, құрт қайнататын. Сондықтан да болар қиын- қыстау ашаршылық жылдары аналарының бұл қасиеті отбасын көп қатерлерден аман-есен алып шықты. Осынау ауыртпашылықтарға қарамастан ата-аналары барлық балаларына бірдей білім беруге тырысты. Ол кейін өз нәтижесін берді де.

      Осылайша Әмина апайдың өзінің және туған-туыстарының өмір жолдары елінің тарихымен қабысып, ұштасып жатыр. Бұлардың әрқайсысы да туған елінің шарықтап дамуы мен кемелденіп жетілуіне салмақты, салиқалы үлес қосқан жандар.

      Келешекте бұл әулеттің өнегелі істері, ерлік еңбектері, даналық дәрістері,

Скачать книгу