Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 15

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов

Скачать книгу

туды. 1992 жылы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы құрамында Түркияға бардым. Мен сонда Трабзон қаласындағы Қаратеңіз техникалық университетімен іс бірлігі, ақниет мәжіліс-хатына қол қойдым (қазақ және түрік тілінде). Бұдан бір жыл өткен соң сол университеттен қазақ тілі мен түркология бойынша дәріс оқып, сабақ беруге арнайы шақырту алдым. Бір жыл мерзімге белгіленген бұл шақырту қабыл алынып, мен әуелі Стамбұлға, одан кейін Трабзонға жеттім.

      Сол Қаратеңіз техникалық университетінің жігіттері қарсы алып, менің жалпы білім беру факультетінде «Қазіргі қазақ тілі» және «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» курстарынан түрік тілінде лекция оқитыным анықталды.

      Мәскеуде оқып жүрген кезімде, одан кейінгі уақытта да түрік тілімен көп шұғылдандым. Сол тілдегі кітаптарды оқыдым. Трабзондағы алғашқы кездерімде сөйлеу тілінен біраз қиын- шылық кергеніммен, артынан кәдімгідей төселіп кеттім.

      Мені ондағылардың қазіргі қазақ тілінен сабақ беруге икемдеген себептері – Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарды нығайта түсу үшін түрікше, қазақша бірдей білетін арнайы мамандар қажет екен. Міне, сондықтан да, негізінен, болашақ ғалымдар мен мамандарға лекция оқуға, тіл үйретуге тиіс болдым.

      Қазақ тілінің грамматикасын түрік тілінің грамматикасымен салыстырып оқыту керек болды. «Салыстырмалы грамматика» пәні түбі бір түркі тілдерінің негізгі грамматикалық ұқсастықтарын атап өтеді. Оқытып, түсіндіргенде де одан аттап кетуге болмайды. Бірақ бір қиын жағдай, тілдік терминдерімізде бірізділік жоқ. Мәселен, етістік деген терминді түріктер фил, өзбектер фел, башқұрттар қылым деп атайды. Осы секілді басқа сөз таптары да түркі тілдерінде әртүрлі аталады. Түрік тілінің грамматикасы даму үстінде болғанымен, әлі де болса толық қалыптаса қоймаған. Оларда септік деген сездің өзі үш түрлі айтылады.

      Түркия студенттерінің оқу-білімге деген ынта-ықыласы өте зор екен.

      Бір жыл бойы лекция оқып жүріп байқағаным, ондағы студент, аспирант жастар білім алуға өте ынтызар. Олардың бұл ерекшелігі бірден көзге түседі. Әрбір лекцияны, баяндаманы мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды, өздері пікір білдіреді. Ал енді бір ыңғайсыз жағдай – біздің Қазақстаннан барған студенттеріміз туралы олар былай дейді: «Сіздерден келген студенттер көп оқығаннан гөрі, қызық қуып, қыдырғанды тәуір көреді…».

      Түркиялық студенттер – кітапқұмар. Ол жақта кітап өте қымбат тұрса да, студенттер оны сатып алуға сараңсымайды.

      Олардың арасында ескі салт-сананы ұстанғандары мен дін жолына берілгендері де баршылық. Мысалы, қыз балалардың бір сарасы ұзын көйлек киіп, бастарын қымтанып алып жүрсе, енді бір сарасы еуропаша киінгенді тәуір көреді. Жүріс-тұрыстары да осы дағдыларға икемделген. Солай бола тұрса да, ондағы жастар дүниежүзілік саясатқа аса қатты ден қояды. Әрине, бұған себеп – Түркиядағы ақпарат құралдарының өте жақсы жұмыс істейтіндігінде. Біз осында отырып бес-алты күнде зорға еститін

Скачать книгу