Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 20
Заманадан замана өтіп, талай мыңдаған жылдарды артқа тастап, нелер шаштар ағарып, нелер тәнді жер жұтып, ұрпақтан-ұрпақ ауысып, былайша айтқанда, алғашқы адамдардың айқайына ымы араласа дамуынан анық сөзге жеткенге дейін талай тарихи заманалар өтті ғой. Ал мұны ғылыми тұрғыдан айтар болсақ, айқын бөлшектенбеген диффузды сөйлеуден анық сөзге айналу эволюциясы деп білеміз.
Даму деңгейі әртүрлі болғанымен де, қай тілді алып қарасаңыз да, тіл мәселесі, оның сөздік құрамы, яғни лексикасына байланысты. Демек, сөздік құрамды зерттейтін лексикологияның негізгі салалары ономасиология, семасиология, ономастика, этимология, фразеология, лексикография болып табылады. Осылардың ішінде ономастика жөнінде сөз еткенде мына бір мәселеге көңіл қойып көрейікші.
Ономастика лексикологияның жалқы есімдерді зерттейтін саласы болғандықтан, мұнда этникалық, географиялық, астрономиялық атаулар (этноним, топоним, космоним), кісі есімдері (антропоним), түрлі жануарлар аттары (зооним) мен өсімдік атаулары (фитоним) жан-жақты талдауға түседі. Түркі ономастикасының елімізде ерекше өріс алуының нәтижесінде елуден астам кандидаттық, 7 докторлық диссертация қорғалды, көптеген мақала мен кітап жарық көрді (1940 жылдан бері). Мәселен, Қазақстандағы ономастика бойынша алғашқы қадам С. Аманжоловтың «Қазақ деген сөз туралы» және «Географиялық атаулар» деген мақалалары («Пионер» журналы, 1940 жылғы 12-саны, 1941 жылғы 3-саны), оның жетекшілігімен жазылған Ш. Жанәбілевтің «Қазақтың мал атаулары» (1953 ж.) және А. Әбдірахмановтың «Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері» (1954 ж.) деген кандидаттық диссертациялары болып табылады, ал соңғы елеулі еңбек – Г. Мәдиеваның «Қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігі» деген докторлық диссертациясы (Алматы, 2005 ж.).
Ономастикадағы орны зор географиялық атаулардың сырын байқау үшін төмендегі жолға зейін қойыңызшы.
Балқан, Балқан, Балқан тау,
Ол да біздің барған тау.
Балқан, Балқан, Балқан тоо,
Аны да биз корген тоо.
Түйе, түйе, түйелер,
Дұзың қайда түйелер?
Балқан таудың басында,
Балық ойнар қасында.
Осы бір өлең-жыр