Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 22

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов

Скачать книгу

ҒАСЫР ҚАЗАҚ ШИПАГЕРІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ

      Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ескі қазақ тілінде жазылған «Шипагерлік баян» атты шығармасы медицина, этнография, философия, тіл ғылымы үшін аса құнды еңбек әрі ғылымнама (энциклопедия) болып табылады. «Шипагерлік баян» 1994 жылы Үрімжіде (араб графикасы негізінде), 1996 жылы Алматыда (орыс графикасы негізінде) баспадан жарық көрді. XV ғасыр мұрасы «Шипагерлік баян» шығармасының лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, терең ұғыну барысында ескі қазақ тілінің көптеген сырлары ашылмақ.

      Сөз қадірін аялай білген ата-бабаларымыз он ғасыр шамасында ескі араб жазуымен ой-пікірлерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Сондай рухани мұрамыз қатарында XV ғасырдағы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» шығармасын, XVII ғасырдағы Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегін тілге тиек етіп, зерделесе болды. Дегенмен қазақта XV ғасырда ғылым-білім болды, тіпті XIX ғасырдың өзінде жазу-сызуымыз болды дегенге күмән келтіруші «білгіштер» де жоқ емес.

      Орта Азия, Түркістан жерінде Х-ХІ ғасырларда ғылым-білімнің өте жоғары дамығаны Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Әбу Әли ибн Сина сияқты ғұлама ғалымдардың болғаны белгілі. Мысалы, Әбу Әли ибн Сина араб тілінде жазылған ғылыми еңбектерінде ауру түрлері мен емдеу тәсілдеріне, аурудан сақтану жолдарына дәрі-дәрмек пен емдік шөптерге толық сипаттама береді. Ал XV ғасырдағы шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің ізашар ұстаздары Әбу Насыр әл-Фараби, Юсуф (Жүсіп) Баласағұн шығармаларымен толық танысқанын, олардың пікірлеріне баға беріп, дамытып отырғанын баяндайды.

      «Әбу Насыр мен менің ойым түйдегі, шырмалғысы бірдейлік. Баласағұн Жүкеңнің мектеп ойымен де бірдейлік. Бірақ түп мәнімен сөйлемек ұғындырғы ғана парықтылық екені, тақсыр, сізге аян етілмек… Мейлі Әбу Насыр болсын, мейлі Жүсіп сақ Баласағұни болсын, мейлі мен болайын, бәріміз бір із, бір тілектіктерміз. Ол екеуінің менен артығы жырлауыл, сөйлеуіл, шижаламада (жыр жырлау, сөз сөйлеу, жазу түрінде) ғана. Сонымен қоса үшеумізге ортақ теңдік – Шопан үсті бозторғай ұяламдықтап жұмыртқаламдықты таппақ (Қой үстіне бозторғай жұмыртқалауды қарастырмақ), – деп жазады ғалым. (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Алматы: Жалын, 1996. – 379-бет).

      «Шипагерлік баян» кітабының тағдыры айтарлықтай қызық болған. Тіпті «Игорь жорығы туралы жыр» атты қапылыста өртенген ескі орыс қолжазбасының тағдырынан кем түспепті. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, кітапта баяндағандай, 1388-1478 жылдары өмір сүріп, шығарманың алғашқы нұсқасын Әз Жәнібек ханның жарлығы бойынша шамамен 1473 жылы 85 жасқа келгенде аяқтаған. Бірақ хан қаза болғандықтан, ғалым бұл шығарманы өз қолында сақтап қалған, дүние салғанша қазақ даласын аралап, шипагерлікпен шұғылданған.

      Шипагер Ұлы жүздің албан тайпасынан шыққан. Албан тайпасының шыбыл руынан тараған ағайындар бөріктерінің түсіне қарай Қоңырбөрік (Өтей), Қызылбөрік (Бөтей) аталып кеткен деседі. Сондықтан

Скачать книгу