Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 23

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов

Скачать книгу

1050 дәрі-дәрмек түрімен қоса, 4577 «шипашақпен» (рецептімен) таныстыратын мыңға жуық өсімдік атауларын, жүздеген жан-жануарлар атауларын, адамның дене мүшелері мен ауру-сырқат атауларын қамтитын, емдеу сырларын баяндайтын көлемді шығарма еді.

      Содан кейін тағдырдың жазғаны – Қытайдағы аты шулы «мәдени төңкеріс» кезінде (1968 ж.) бұл кітаптың төрттен үш бөлігі «хунвэй-бин» бұзақылар тарапынан өртеліп, аман қалған бөлігін Нұртай Түменбайұлы қайта көшіріп баспаға ұсынған. Бірақ соңғы нұсқаның қаншама өзгеріске түскенін, қаншама анықталғанын білмейміз. Сондықтан ол мұқият тексеруді керек етеді (шамамызша бұл мәселеге көңіл бөлдік).

      Емші әкесінің өсиетінде былай делініпті:

      «Балам, мен неге сонша жалынып, саған уасиятнама қалдырдым. Мұның себебі: «Шипагерлік баянында» қазына аз емес. Ми төлін ерінбей баға білсең, маңлай теріңмен игеріп қолдана ала білсең, алтынды күреп, күмісті сіреп алатын шарапатты, киелі, қасиетті асыл қойма – бұл. Бұл – өзің кемқор болмайсың дегендік. Бұл – бір. Екінші, ең алғаш Өтейбойдақ деген атамыз тоқсан жылдық өмірінің сексен жылына таяу өмірінде бөктерме қабын бөктіріп, теңгерме қабын теңденіп, шөнтек-шонтайлары мен местерін салпаңдатып, қаңғып жаһан кезіп, жаһангез атанып, шипагерлікпен шұғылданып, әйел алып, бала сүюді ұмытып, күллі қазақ даласын, орыс даласын аралап, көрмегенді көріп, тартпауға тиісті азапты әдейі тартып жүріп, 1050 шипа емді қамтыған осы «Шипагерлік баян» кітабын жазып қалдырған. Ел ол кісіні қаңғыбас Өтейбойдақ деп атап кетсе, біздің ауылымыз «Шашты Әзиз» дейді екен…

      Саған жеңілдік болар деген оймен әдептік лебізден көне есептік қисапсыз сандарға және түсініксіз атауларға бастан-аяқ түсінік бергіздім, мағынасын түсіндірткіздім. Мәселен: ауыз саналым – әуелгісі, кез саналым – ендігісі, көз ауыз саналым – үшіншісі және т.б.

      Тарыдай түйін – мықты иелік ету, сыр шашпау, талықпай үйрену, жалықпай ізденуде ғана, балам» (Сонда. 25-26-бет).

      «Шипагерлік баянның» негізгі тілдік өзгешелігі – сөз байлығында, сөздік құрамында, әртүрлі атаулардың, автордың жеке қолданысындағы (метафоралық жолмен ұқсату, бейнелеп түсіндіру, астарлап айту арқылы жасалған) сөздердің, кейбір көнерген сөз тұлғаларының, сөз орамдары мен мақал-мәтелдердің қолданылуында.

      «Шипагерлік баянда» көнерген, жергілікті, басқа тілден ауысқан сөздер және жеке қолданыстағы бейнелі, астарлы сөздер немесе әдейі өзгертіліп айтылған «сыпайы сөздер» (эвфемизмдер) жиі кездеседі. Мысалы: албауыр (батыр, алып), анда (дос, тамыр, моңғолша анд «анттас, ниеттес; дос»), аңғарлы (аңдайтын, аңғаратын, оңтүстікте аңғарлы), аңғыз (аңыз), арулау; (тазалау, тазарту, оңтүстікте арулау<арығ+ла-), ашжаз (бет, парақ, «ашып жазар қағаз»), дажал (тажал, жалмауыз аждаһа, арабша тажал), дарым заруаты (дәрі-дәрмек, зәру дәрі), дарымдалғы (емдеу, дарымдау), демі (өкпе), дестір (тәпсір, түсініктеме, арабша тафсир), дөңгелеме (жұмыртқа), ергежейлі (ергежелі, батыста ергежейлі), жағым (от, отын), жамылғы (көрпе), жәрелгі (салт, дәстүр, жоралғы), жұмба (жұдырық, батыста жұмырық, түрікше уитгик «жұдырық»), жұмдама (жұмбақ), жұмдау

Скачать книгу