Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 25

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов

Скачать книгу

таралым (жұқпалы аурулар), тілме (қызарып өсетін ауру, рожа), шалқалатпа (сіреспе, столбняк), шашжегі (таз, бастың қотыры), шашылғылы термектілер (жүйесіз сырқат түрлері), шелей (шел), шиғақ (шиқан), шорбуын (буын туберкулезі), шөлдеуіктік шырсыздық (қант ауруы), шырылма шыдамсыздық (қуық ауруының аты), шілделік (шілде қотыр, батыста шілделік «баланың басына түсетін жара») және т.б.

      Өсімдік атауларының дені – қазақтың байырғы сөздері: адыраспан, алабота, арша, балдырған, баялыш, бидай, бидайық, бұршақ, емен, жалбыз, жаңғақ, жауқазын, жиде, жуа, жуаша, жусан, жыңғыл, күнбағар, қалақай, қаңбақ, қарақат, қызғалдақ, сарғалдақ, сарымсақ, тал, түйетабан, ши, шие, т.б.

      Кейбір өсімдік атаулары – автордың жеке қолданысындағы сөздер (жарқарын «түйеқарын», жаусумаң, сумаңжұт, сумаңқара, сумаңтіл, шопаншие, маңғазшие, тілмаңғаз «сиыртіл», т.б.).

      Кейде шығармада кірме сөздер де кездеседі, мысалы: ділдәгүл (сөзбе-сөз «алтын гүл», тәжікше тилло «алтын»), бәңгілік «есірткі шөп, наркотик» (тәжікше бангй «нашақор, наркоман»), меңдуана – басты айналдыратын улы, сасық шөптің аты иран тілдерінен баяғыда ауысқан еді (тәжікше банг «қарасора, наркотик», девона «есерсоқ, есуас», банги девона «есерсоқ қарасорасы»), салыстырыңыз: өзбекше мингидевона «меңдуана», қазақша мәңгі «нақұрыс; әңгі», мәңгір – «басы зеңіп есеңгіреу, мең-зең болу», мәңгүрт «ақылы кем, есуас, жынды».

      Ал бәйшешек «алғашқы көктем гүлі», бәйтерек «алып терек ағашы» тәрізді біріккен сөздердің бірінші сыңары бәй қытай тілінен енген bаі «ақ, боз» деген сөз, екінші сыңары байырғы шешек, терек сөздері екені анық, тегі бәйшешек «ақ шешек», бәйтерек «ақ терек». Қытай тіліндегі өсімдік атауларын салыстырып көрейік: baiyáng «ақ терек, терек» – yáng «терек», báiji «ақ ши, ши» – jі «ши» (көне түрікше чығ «ши», өзбекше чий «ши»), báici «ақ тікен» – сі «тікен, тікенек», báіһ āо «боз жусан» – һāо «жусан, ермен», báihuàshu «ақ қайың» – һuá, һuáshu «қайың», báimá «ақ кендір – má «кендір», báimáо «ақ селеу, боз селеу» – máocăo «ақ селеу, селеу», báicài «бәйсәй, капуста» – сáі «сәй, көкөніс» және т.б.

      Халық өсімдіктерге ат бергенде, соларды айқындайтын басты белгілеріне сүйенген, бұл белгілеріне ерекше мән берген. Мысалы, түсіне қарай (ақбас, ақжуа, ақмия, ақселеу, бозжусан, көкқына, күлгінбас, күреңше, қарасора, қоңырбас, қызылмия, қызылтал, қырмызы, тарғыл, таспабоз, сарыағаш), көлемі мен түріне қарай (атбұршақ, атқұлақ, аюқұлақ, балыққарын, түйеқарын, қошқарбас, мортық, шашақша, жамбышеп, жұлдызша, тайтұяқша, текесақал, тырнатырнақ, тікенбас, тілбөрі, иттіл, үкіқанат), бөлшек санына қарай (төртжапырақ, үшсаңлақ, мыңжапырақ, қосқанат), иісіне қарай (аңқыма жалбыз, аңқыма жусан, иісті ермен, құмсасыр), дәміне қарай (балқамыс, қымыздық, емершөп, таңқурай, тұзбұта, сүттіген, шайшөп), өсетін жеріне байланысты (құмтікен, қырғалдақ, өрлік, тастақбұта, тасжуа, таубұршақ, субасар) атап отырған.

      Дәрілік шөптердің шипалық қасиеттері ұрығында, гүлінде, жапырағында, сабағында және тамырында болатыны, шөптің жинау мерзімін, дайындау әдісін білу шарттары кітапта айқын керсетілген (Сонда. 314-бет).

      Мысалы,

Скачать книгу