Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 14

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

сәурікті, һәм мың

      Сиыр, һәм кисусан қой [3].

      Авестаны аударушылардың түсініктемесі бойынша: Авестада Әмудария мен Сырдарияның ескі атаулары болғанын ескерсек, онда бұл атаған таулардың қазіргі «Қара» таумен де байланысы болуы мүмкін деген жорамалды да алаңсыз бекер дей алмаймыз. Себебі, «Қара» деген сөз ескі түркі тілдерінде де кездеседі. Бұл пікірді Авестадан келтірілген үзінді де қолдап тұр ғой. Қаратаудың етегінде жүздеген, мыңдаған малдар өседі. Олардың ішінде сиыр мен қойдың саны есепсіз (кисусан) делінген. Ежелден Қаратау өңірі төрт түлік малмен диқаншылықтың орталығы. Қазір де солай. Сондықтан, Авестада аталған Қаратау, қазіргі Тараз-Шымкент қалаларының арасынан шығыстан солтүстікке қарай созылып жатқан тау жотасы. Қаратау Талас Алатауының батысымен ұштасып, солтүстік-батысқа 420 км-ге созылып, біртіндеп аласарып, Сарысу мен Шу өзендерінің атырауына жетіп бітеді. Биік жері – Бессаз тауы (2176 м). Қаратау қатарласа жатқан екі жотадан тұрады: Кіші және Үлкен Қаратау. Бұл екі жота тау аралық ойыстармен бөлінген.

      Қаратау шығыстан-батысқа қарай жайласқандықтан, оны күнгей және теріскей деп екі бөлек айтылады. Күнгейі таудың оңтүстігі, теріскейі солтүстігі. Қаратаудың екі жағы да адам баласының жайласып, өмір сүруіне қолайлы аймақ. Қаратау массиві алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі екенін археологиялық зерттеулер дәлелдейді. 1958-1963 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының жерінен Қараүңгір қонысын археологтар ашып, оны мезолит пен неолит дәуірлеріне жататын ескерткіш екенін анықтады. Осындай тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адам қоныстарының орындары Қаратаудың төңірегінен көптеп табылды: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қосқорған (Қошқорған – 1-2), Шоқтас – 1-3, Қараүңгір, Бөген, Арыс – 1-2 және көптеген тас дәуірінің қоныстарын археологтар бірінен кейін, бірін тауып зерттеп келе жатыр [4]. Осындай қола және темір дәуірлерінің қоныстары Қаратау өлкесінен көп табылды: Тагискен, Таутары. ХХІ ғасырдың басында Қаратау аймағынан қола және темір дәуірінің ескерткіштері мол көлемде ашылды. Олар қоныстар мен петроглифтер: Сауысқандық, Кәрібұлақ, Сатайбұлақ, Шалабай, Арыстанды, Арқабұлақ, Қарныжарық, Майдантал, Қызылшың Тасбұлақ, Боралдай, Қойбағар және т.б. жартасқа салынған суреттер, бейнелер [5]. Келтірілген деректер Қаратау да алғашқы адамдардың мекен еткен аймақтарының бірі екенін баяндайтын мағлұматтар. Міне, ертеде дүниеге келген Қаратау мәдениеті үздіксіз дамыған. Мұнда арий өркениетінің іргетасын қалаған жер Қаратау өңірі.

      Бұл пікіріміз Авестада жазылған жолдарда байқалады.

      Оған құрбандыққа әкелді,

      Хаошьянх Парадатта да,

      Харой тауының етегінде (жасаушы)

      Жүз айғыр және мың

      Сиыр және сансыз қой

      Құрбандыққа шалды да [6].

      Келтірілген үзіндіде «Харой тау – Қаратаудың аты. Сол заманда Харой тауы деп те, Хукарья тауы деп те аталған. Харой тауы мен Хукарья тауын жайлағандар Ахура-Мазда дінінде болған. Оны мұнан соң келетін оят ұрандарында

Скачать книгу