Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 17

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

үзіндіде, ерте заманда Соғды (Согдиана) аймағына қандай географиялық аймақтардың кіретіні ашық, айқын көрсетілген. Бұл жерлер түгелімен Орталық Азияның оңтүстік және батыс бөліктері болып, Алдыңғы Азияның шығысымен шектесіп жатқан. Антикалық дәуірде Соғдыны мекендеген мемлекеттер Иранмен тығыз қарым-қатынас жасаған. Сол кездегі Соғды жеріндегі Парфия, Хорезм және Арий аймақтарын мекендеген халықтардың мәдениеті Алдыңғы Азия тұрғындарына қарағанда анағұрлым басым болғаны туралы да бұл сілтемеде хабар беріледі. Мысалға Сузақ сарайының салынуы туралы мәліметті келтірейік.

      Алдыңғы Азия Ахменидтер әулетінің негізін салушы Кир (б.з.б. 558-529 жылдарда), оның мұрагері Камбиз бен І Дарий парсы тілдес халықтарды біріктіріп, бірнеше елдер мен халықтарды жаулап алып, үлкен көлемде мемлекет құруға қол жеткерді. Әсіресе Парсы мемлекеті І Дарийдің кезінде күшейіп, Иранда құрылыс жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Мелфисе храмы, Сұзақ сарайы, Персполь сияқты патша орталықтары болған ғимараттар бой көтерді. Солардың ішінде Сұзақ сарайын қалай салғаны туралы жазба деректер сақталған. Бұл ғимаратты салуға көптеген тас қалаушы шеберлер, алтынмен безендіруші ұсталар, суретшілер, құрылыспен айналысқан жұмысшылар және т.б. қолөнерші мамандардың қатысқандары жазылып қалдырылған. Жалпы Сарайды құрушы шеберлер вавилондықтар, ассирийлер, киликийцтер, гректер, үнділер, мидияндықтар, мысырлықтардың Сұзақ сарайын салуға қатысқандары айтылған. Олардың арасында парсылардан шыққан қолөнершілер айтылмаған [17]. Соған қарағанда, парсылардың заттай мәдениетінің дамуы жоғарыда аттары аталған халықтардан бірталай төмен тұрғаны байқалады. Өйткені І Дарийдің кезінде парсылардың әскери әлеуеті нығайып, қоластындағы халықтарды күшпен езіп, Сұзақ сарайын тұрғызған. Орталық Азиядан әкелінген асыл тастармен, алтын-күмістермен Сұзақ сарайының іші-сыртын безендірген. Сол дәуірде алтын, күміс және әртүрлі асыл тастар Иранның шығыс көршілерінде, яғни Орталық Азияда мол шығарылып тұрған.

      Соғдыдан кейінгі Ахура-Мазданың жаратқан аймағы Бактрия болса, оның жайласқан орнына тоқталайық. Бұл да Орталық Азияның ежелгі аймағына кіреді. Әмударияның жоғарғы және орта ағысы бойындағы қазіргі Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының, оңтүстігі мен Ауғанстанның солтүстігіндегі облыстардың жерін қамтиды. Б.з.б. I мыңжылдықтың I жартысында-ақ Бактрияда құл иеленуші қоғам болған. Астанасы Бактра қаласы болған мемлекет б.з.б. VІ-ІV ғасырларда Ахемен әулетінің, кейін Александр Македонский империясының құрамында болған. Содан соң бұл аймақ Грек-Бактрия патшалығы (б.з.б. 250 ж.), Кушан және Тохарстан мемлекеттеріне айналды. Әмударияның оңтүстік өңірлері Балх аймағы деп аталып келеді. Үнді өзенінің жағасында орналасқан Балх қаласы ірі саяси, экономикалық және мәдени орталық, Ұлы Жібек жолындағы әлемге әйгілі мекендердің бірі болғанын, оның арийлер заманында дүниеге келгенін жоғарыда айтқанбыз.

      Бактриямен бір қатарда дүниеге келген Ауғанстан астанасы Кабул шаһары. Ол

Скачать книгу