Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 18

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

Гератта дүниеге келіп, сонда қайтыс болған. Ол – өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әлішер Науаи жас кезінен бастап Гератта, Мешхедте, Самарқандта оқып, логика, философия, математика пәндерінен мағлұмат алған. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дихлауи, Хорезми, Сәйф Сараи, замандастары Атай, Саккаки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен таныс болған. Әлішер Науаи 15 жасынан бастап шығармаларын түрік және парсы тілдерінде жазған. Өз өмірінде көптеген ғылыми және көркем шығармалар қалдырды [19]. Ариана (Герат) ертеден арийлердің қаласы болып, ол батыс пен шығыс мәдениеттерінің ірі орталығы болғандығы ұлы ғұлама Науаи өмірінен-ақ байқалып тұр.

      Жоғарыда тоқталған деректерге қарағанда, Авеста кітабында жазылған географиялық, топономикалық атаулардың барлығы түгелімен Орталық Азиядан, оның батыс, оңтүстік, Алдыңғы және Оңтүстік Азия елдерімен шекаралас жерлерінде орналасқан. Бұл географиялық аймақтарды ежелден мекендеген этностар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған. Көпшілік жағдайда олардың тағдырлары да бір болған. Міне, осы аймақтарды ежелден мекендеген этностардың арасында Авеста кітабы дүниеге келген. Шығармада Ахура-Мазда бірінші Даитияны, Гаваны (Соғдыны), Бактрияны, Хират, Кабул, Марғиенаны, Гирканияны, Орталық Азияны және көптеген мекендерді жаратты деудің тек аңыздық қана емес, ғылыми негізі де бар екенін байқауға болады. Өйткені, Орталық Азия алғашқы адамдардың өрбіген орталықтарының бірі болғанын археологиялық зерттеулер ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Бұндай мәліметтерді Алдыңғы Азиядан кездестіре алмаймыз.

      «Авеста» кітабының Бидебататы (Бендидат) – «географиялық жыр». Оның басталуы: 1. Ахура-Мазда Іспитама-Заратуштраға деді былай: «О Іспитама-Заратуштра, жараттым мен жерлерді жанға тыным беретін, қаншама аз қуаныш (онда) болса да. Егер де мен, о, Іспитама-Заратуштра, жаратпасам жерлерді жанға ты- ным беретін, қаншама аз қуаныш (онда) болса да, барлық тәндік дүние ағылар еді Арианам-Байджаға» [20].

      Бұдан кейін «географиялық жырда» жаратқан жерлердің орындары баяндалған. Солардың ішінде: «Ол жақта он ай қыс пен екі ай жаз, міне, осы (қыс айларында) сулар суық, жерлер суық, өсімдіктер суық, онда қыс ортасы болғанда; қыстың соңы келгенде үлкен тасқын басталады» [3, 451-б.].

      Суреттелген осы аймақтарды «Авестаны» тәржімалаушы С.И. Оспанов былайша жорамалдайды: «Моуру – орта парсыда Мера, грекше Маргиана, қазіргі Түрікменстандағы Мары көгал алқабы (оазис). Бакдій (Бахди) – Бактрия, қазіргі Тәжікстанның оңтүстігі мен Ауғанстан солтүстігінің арасындағы аймақ» [21]. С.И. Оспанов өзінің бұл пікірін жалғастырып: «Бидебдаттың» екінші бөлімінде (21-43) Йема өркениетті дамытушы кейіпкер, бірінші болып өліп, адамдарға о дүниеге қарай жол салушы және сол арқылы о дүниенің басты құдайы болғандығы; тақуалардың о дүниедегі өлілер патшасының тұрағындағы масатты, шадыман ғұмыры туралы және алғашқы эсхотологиялық ұлы қыс түсіп, онан соң еріген қар-мұздан топан су көтеріліп,

Скачать книгу