Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 10
Біздерді әсіресе тікендерге, ағаштардың басына ұя салған шымшықтардың балапандары қызықтыратын. Оларды темір қанаттан өткен кезде үйге әкеліп ойнайтынбыз. Тал ағаштың көк шыбықтарын кесіп алып тор жасап, солардың ішінде ұстаушы едік. Көбелек қуып, шегірткелер ұстау, құмырсқалардың жолын іздеу – ең қызықты ісіміз еді. Ондайда тамақ ішуді ұмытып кететінбіз. Көбелектердің көптігі сонша – оған қарап тұрудың өзі рақат еді. Түстері, түрлері есепсіз мол сол көбелектерге қарап, туған жер табиғатының сұлулығына құмарта тамсанып өстік десем артық айтқаным бола қоймас.
Соғыстың аяғына қарай елге жаралы болып жазылған азаматтардың алды орала бастады. Халық қашанғы күңірене берсін, ел ішінде азын-аулақ той-томалақтар өткізілетін болды. Менің есімде солардың бірі ерекше әсер беріп қалып қойыпты. Әміре деген ағамыз соғыстан бұрын Ташкенттегі Орта Азия университетінің (САГУ) соңғы курсында оқып жүргенде, Алматыда ашылған коммунистік журналистика университетіне сабақ беруге шақыртылып алынады. Оқытушы болып істеп жүргенде, оны Жезқазған комбинатына парторг етіп жібереді. Бұл кезең халық жауларын жоспарлы түрде іздеп жатқан уақытқа сай келеді. Көп ұзамай бұларды қалалық партия комитетінің бюросында тыңдап, ағамызды партиядан шығарады. «Коридорға шығып күте тұрыңыз», – дейді. Қамалатынын білген ол шығысымен вокзалға тартып, руда тиеген вагонға жасырынып, тайып тұрады. Өзбекстанға өтіп кетіп, аты-жөнін өзгертіп, жұмыс істеп жүргенде соғыс басталып, майданға кетеді. Соғыстан оралған соң ауылда бухгалтер болып жұмыс істеді.
Сол ағамыздың үйлену тойына колхоз жәрдем беріп, үлкен етіп өткізді. Бірнеше үй тігілді. Бұл 1946 жыл еді. Мен ауылдағы мектептің жетінші сыныбын бітірген кезім. Өзімді жігіт сезініп қалғанмын. Бір кезде қыздар мен жігіттердің ойын сауығы басталды. Қасымда Оралхан деген менен бір сынып кейін оқитын досым бар. Мен оған: «Тойға келген мейман қыздардың тұсына барып айтысайық» деп бір үйдің сыртына алып келдім. Сұрастырсақ, ол жерде Қожымбет деген атамыздың бой жеткен балдызы бар екен. Қасында қыз-келіншектер де бар. Әй-шәй жоқ тұсына отырдық та, өлеңді бастап жібердік. Олар да жауап өлеңдерін айта бастады. Бір уақытта қарасам біздің айналамыз