Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 13
Мектебіміздің директоры Кәрім Ищанов асқан тәжірибелі педагог, өмірдікөп көрген адам еді. Біздер тентектік жасап қойсақ, орынсыз қате жіберсек, барынша сабырлық көрсетіп, ұрыспай-сөкпей, даусын көтермей ерінбей түсіндіруші еді.
Біздің бақытымызға шыдамдылықтан жаралған, неше түрлі педагогикалық тәсілдерді шебер меңгерген ұстаздарымыз баршылық болды. Солардың ішінен шоқтығы аса биік, білімділігінде шек жоқ Ленинградтағы Герцен атындағы педагогикалық институтты бітірген Сопбек Тілеуқабылұлы ағайды атағым келеді. Біз бұл ұстазымыздан ең алғаш рет Еуропа мәдениетінің, соның ішінде, орыстың ұлттық мәдениетінің иісін сездік. Ол кісінің киім киісі, өзін-өзі керемет ұстай білуі, аспай-саспай сөйлеуі, ішкі дүниесінің жылуарлығы, жан-жақты дайындығы бізді ерітіп әкететін. Оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе оқушылардың өз арасында күрделі шиеленісу болып қалса, осы ағайымыз келіп төрелік жасайтұғын. Біз соған тоқтаушы едік. Мынандай бір жағдай болды. Есболған Ботанов деген Сайрам ауданынан 9-сыныпқа келген бала бар еді. Тілі өткірлеу болатын. Сол Егемберді деген сыныптасымыздың жанына тиетін ауыр сөз айтыпты. Үзілістің кезінде Егемберді оны «сыртқа шығайық» деп сүйретіп барады. Біз артынан қуып жетіп, ажыратамыз дегенше жұдырықпен бір ұрып, аузы-мұрнын қан етті.. Бұл мектепке тез жайылып кетті. Осыған байланысты барлық тоғызыншы сыныпта оқитын балалардың басын қосқан жиналыс болды. Егембердіні «интернат-пансионнан шығару керек» деген мәселе қойылды. Жиналыс у-шуға айналып кетті. Бір кезде Тілеуқабыл ағай жиналыс басқарып отырған адамның қасына шыққан замат айғай- шу басылып, жым болды. Ол кісі «Есболғановтың қол жұмсауын бұзақылық дей келіп, мұны интернат-пансионнан шығарсақ, оқи алмай қалады. Әке-шешесінің тұрмысы нашар, оның үстіне сендер жассыңдар ғой. Ал жастар арасында мұндай жағдай кездесіп тұрады. Ол үшін шетінен шығара берсек, мектепте оқитын бала қалмайды. Егер де мақұл десеңдер, Есболғановқа қатаң сөгіс жариялансын, ол Ботановтан кешірім сұрасын. Ал, Ботанов, сен кешірімді бол, атам қазақ айтқан ғой, «бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп. Осыған қалай қарайсыңдар?» деді. Жиналғандар «дұрыс» деп шу ете қалды. Осыған ұқсас сөздерді басқа мұғалімдер де айтқан болатын, бірақ оған ешкім құлақ аспап еді. Ал Сопбек ағай айтқанда бәрі жым болып, бірауыздан келісті. Бұл – ол кісінің өзін-өзі мүлтіксіз ұстай