Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 15

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов

Скачать книгу

екен ғой. Маған қазіргі мектептерде көбіне тек сабақ қана берілетіндей болып көрінеді. Басқа құндылықтарға жеткілікті көңіл бөлінбейді-ау деп ойлаймын.

      Жұмабай Шаяхметовты көруім көңілімде ұмытылмастай үлкен әсер қалдырды. Бізді тура өз балаларындай көріп, шын ықыласпен әңгімелесті. Әсіресе, Теміртау туралы түсіндіргенде онда өздеріңдей «қазақтың қарадомалақ балалары» деген сөзді жүрегі елжіреп, үлкен қуанышпен, ерекше мақтанышпен, толғану сезіммен айтты. Халқының келешегін көп ойлаған қайраткерлігі көрініп тұрды. Жұмекеңнің бастауымен қазақтың қыздар институты ашылды. Бұл қазақ қыздарына деген шексіз қамқорлық еді. Мен Орталық Комитетте істеп жүргенімде бөлімде ақылдасып: «Бұл заманда қыздар институтының не керегі бар? Оның орнына музыкалық-педагогикалық институт ашайық» деген қорытындыға келдік. Д.А. Қонаев тың атына хат дайындап, мен кіріп ұсынысымызды айтып хатты ұсындым. Сонда Димекең: «Бұл институт қиын жылдары Ж. Шаяхметовтың ұсынысымен ашылған еді. Сен екеуміз мынадай тыныш заманда ЖенПИ-ді жапқан адамдар ретінде тарихқа кірмей-ақ қояйық», – деп ұсынысты қабыл алмады.

      АРЫСБАЙ АТАМНЫҢ БАТАСЫ

      Менің мектеп бітіріп, Алматыға оқуға кетейін деп жатқанымды естіп, біздің Ұзынбұлақ ауылымыздың сыйлы, ел ағасы болып қалған Елубай деген інімнің әкесі Арысбай атам үйге келді. Ол кісі бұрын болыс, Орта Азия Орталық партия Комитетінің нұсқаушысы болған, өте абыройлы адам еді.

      – Әй, Темірбек, мына Садуахас оқуға кетейін деп жатыр екен. Айтпайсың ба? Немене, сорлымысың? Бір қойыңды сойып, құдайы бермейсің бе? – деді ренжи сөйлеп.

      Тұрмысымыз онша мақтарлықтай емес еді. Атай әрең деп оны-мұнының басын құрап, тірлік етіп жүрген.

      – Мынау Садуахас балама батамды берейін деп ниет етіп, әдейі келдім. Осыдан басқа біздің ортамызда оқуы жақсы баланы көріп тұрғам жоқ, – деп маған қарап. – Айналайын, Садуахас, батамды саған бермегенде кімге берем? – деді.

      Атай бір тоқтыны сойды. Ол кезде қыркүйекке дейін астық жинаушы еді. Атай қырмандағы колхоз басқарма төрағасы Досалыны шақыртып алды. Тамақ желініп болған соң, үй толы кісілер есік алдына шықты. Арысбай атам мені атқа мінгізіп қойып, өзі жерде тұрып бата берді.

      Сол кісінің аруағы үшін баласы Елубайды қайда барсам да, ылғи қасымнан қалдырмай жетелеп жүрем. Екі институтқа түсірдім. Ағасының балаларын, жиендерін, бәрін оқытып бердім. Арыс қаласына нотариалдық кеңсе бастығы етіп жіберуге жәрдемдестім. Ол ары қарай өз көшін өзі сүйреп алып кетті. Ебі бар жігіт. Сөзді де тауып айтады.

      МЕНІҢ УНИВЕРСИТЕТІМ

      Ол кездерде мектепті медальмен бітіргендерге жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсырудың керегі жоқ болатын. Әңгіме қандай мамандықты тандауда ғана. Менің ойым – химик болу. Бұл пәннен өте үздік оқығанмын. Осы сабақтың мұғалімі Хазима Батыршина апайдың ұсынысымен мектептегі Менделеев қоғамының төрағасы

Скачать книгу