Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 16

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов

Скачать книгу

корпусына келіп, шаруашылық жағын басқаратын Беспалов деген проректордан жатақханаға қағаз алдық. Ол жерге орналасу қиын болған жоқ. Тек сан пропускниктен өтіп келіңдер деді. Онысын бітіріп, 18 адам жататын бөлмеден орын алдық. Сонымен, 1 қыркүйек күні оқу басталып кетті. Совет көшесі, 36-үйдегі корпустың үлкен аудиториясына жиналдық. Лық тола студенттер. Күн ыстық. Терлеп-тепшіп отырмыз. Бірінші лекцияны партия тарихынан Лукянец деген лектор оқыды. Әрі қарай барлығы орыс тілінде жүрді. Мектепті күміс медальмен бітірсем де, менің орысшам нашар. Не керек, өмірімнің жаңа және шешуші студенттік дәуірі басталып кетті. Бұл дәуірдің қызығы да, қиындығы да мол болды. Мектептегі оқу жүйесімен мұндағы жүйе бір-біріне тіпті жақындамайды. Лекторлар лекцияларын оқиды да тайып тұрады. Осы жері қатты батты. Бізді неге мектепте осыған аздап та болса үйретпеді деп өкіндік. Бірінші апталарда тек лекцияларды тыңдаумен болдық. Екі айдан кейін семинарлар басталды. Философиядан бірінші семинар Т. Александровтың «История западно-европейской философии» деген кітабы бойынша Москвада өткен философиялық дискуссияға арналды. Алдын ала сұрауларымен қажетті әдебиеттер тізімі берілген. Дайындалған болдық. Семинарды доцент Н. П. Дардыкин жүргізді. Кіріспе сөзден кейін: «Бірінші мәселе бойынша кім жауап береді?» – дегенде жұрт жым-жырт болды. Бір кезде Ағын Қасымжанов деген жігіт қолын көтеріп, жауап беруге кірісті. Сайрап тұр.

      Философиялық дискуссияның материалын жаңғақтай шақты. Бір кезде К. Маркстің «Капиталынан» үзінді келтірді. Барлығын қағазға қарамай айтып тұр. Шынын айтсам, менің зәрем ұшты. Егерде қалған студенттердің бәрі осылай болса мен оқуды қоятын шығармын деген ойға келдім. Жоқ, басқалары жауап бергенде қорқынышым сейілгендей болды. Сөйтсем, Ағын ерекше білімді екен. Оның ойлау қабілеті, эрудициясы, орыс әдебиетін, батыс әдебиетін білуі, ежелгі гректердің ойшылдарын мектепте жүріп меңгергені оның білім жағынан бәрімізден көш ілгері алда екендігін көрсетті. Ол университетті бітіргенге дейін алдына жан салған жоқ. Университеттен кейін де ең бірінші болып диссертация қорғады. Бірте-бірте дүниежүзіне аты белгілі философ болды. Біздің мақтанышымызға айналды. Қазақ академиясының философия институтында «Фарабитану» бөлімін басқарып, ұлы бабаларымыздың еңбектерін өз еліне қайтаруға көп еңбек сіңірді. Философия факультеті ашылғанда, студенттерге дәріс оқып жүрді. Бұл университетке Өмірбек Жолдасбеков ректор болған соң, үлкен ғалымдарды жинауға ерекше мән берді. Және оны табанды түрде іске асырды. Сол кезде Ағын да біржола университетке ауысты. Университет төрт бөлмелі пәтер берді. Кафедра меңгерді, декан болды. Не керек, факультеттің қалыптасуына аянбай еңбек етті. Абыройлы болды, шетел философтарымен байланыс жасады. Сондай жемісті еңбек етіп жүрген кезде Горбачевтың «Қайта құру» дүрбелеңі келіп жетті. Адамдар осы бір алмағайып кезеңде бір-бірінің соңына түсе бастады. Өмірбек Жолдасбековтың басына да сондай зауал туды. Оның жасампаздығынан, жаңашылдығынан,

Скачать книгу