Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 19

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов

Скачать книгу

Лекция біткенде ол: «Ауылшаруашылығының тұрмысы қашан дұрысталады? Осы МТС-тың тұрған жерінде бір дұрыс әжетхана да жоқ» – деген сұрау берді. Мен шамамша жауап бердім. Кейін сұрастырсам, Бериямен бірге атылып кеткен грузияның Мглидзе деген ішкі істер министрінің әйелі екен. Міне, тағдыр адаммен қалай ойнайды.

      Ел аралап жүргенде әртүрлі жағдайға кездесесің. Оның кейбіреулері өмірде есіңнен шықпайтын болып қалады. 1955 жылы тамыз айында Арал ауданына іссапармен бардым. Ауданның мәдениет бөлімінің бастығы Жақас Шерипов деген жігіт екен. Сол қарсы алды. Ол кезде мейманхана деген жоқ. Барған жердегі үйлерге жайғасамыз. Жақас үйіне алып келді. Анасымен тұрады екен. Әлі үйленбеген. Мен үшін үлкен жаңалық – сүрленген балықтан жасалған бесбармақ болды. Тура сүрлеген жылқының етіндей болады екен.

      Енді бір ұмытылмай, есте қалған нәрсені құмның ішімен кетіп бара жатып жолда кездестірдік. Күн шыжып тұр. Шөлдедік. Қарнымыз ашты. Бір төбенің үстіне шыға келіп едік, төменде кішігірім көл көрінді. Көлдің жағасында тігілген үй тұр. Жақындағанда көлдің ішінде қайыққа отырып алып қамыс орып жүрген азаматты байқадық. Үйге бұрылғанымызда ол қайығынан түсіп, бізге қарай беттеді. Сәлемдестік. Біздің келгенімізге өте қуанып қалды. Бірден бір тоқтысын сойып тастады. Біз «қойыңыз» дегенше болған жоқ. «Біраздан бері адам көргенім жоқ, сіздерді Құдай айдап келді. Осы қойдың етін жемей кетпейсіздер», – деді. Шай ішіп отырып әңгімелестік. Мен біздің ел туралы айта бастадым.

      – Біз Алатау мен Қазығұрт тауларының қиылысқан жерінде тұрамыз. Шөп деген аттың бауырынан келеді. Кейбір жерлерінде аттың өзі көрінбей қалады. Қандай таза. Бастаулар әр жерден шығып жатыр. Біздің елдің адамдары сол қалың шөпті орып алуға ерінеді. Сіз болсаңыз судағы қамысты біртіндеп орып жүр екенсіз, – дедім.

      Әңгімемді әбден тыңдап болып, қып-қызыл құмның ішінде Сырдың суының тасығанынан пайда болған көлшіктің жағасында отырған үй иесі былай деді.

      – Шырағым, сөзіңнен байқаймын, сенің елің тура жұмақтың өзі сияқты болып тұр, бірақ мен үшін, менің бала-шағам үшін дүниежүзінде осыдан асқан жер жоқ. Бұл – менің ата-бабамның қонысы, мұнда солардың сүйегі жатыр, сіздің айтқан сөзіңіз менің басыма кіріп отырған жоқ, – деді.

      Әңгіменің қызығы алда болды. Кептіріп қойған қамыры бар екен. Соны алып, етті түсіріп әкелді. Кебежеден жартылықты алып қойды. Менің ішім ауырып жүр. «Тамақты жей алмаймын», – дегенде үйдің иесі қапаланып кетті. Көңілі бұзылғанын көріп отырмын. Неге жемейсіз деместен бір әңгіме айта бастады: «Менің бала жігіт кезім. Өзіммен жасты досым болатын. Ағам үйленген еді. Досымды үйге ертіп келгенде, жеңгем алдымызға ас қойып «жеп қойыңдар, қайындарым» – дейтін. Менің досым өте ұялшақ болатын. Қысылып отырып, тамақ жемейтін. Бір күні жеңгем қайнысына: «Қайным, сен қыздай бала екенсің, қыздайлығың сонша, бір күні қатын болып кетейін деп тұрсың ғой», – дегені бар.

      Осы әңгімесін тауысқан соң, үй

Скачать книгу