Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 20
Пединститутта қызмет атқарып жүрген кезім. Шілде айының басы. Бітіргендерге диплом тапсыру кешіне дайындық жүріп жатыр. Мені институттың проректоры Палым Тілепов шақырып: «Бүгінгі кешке Қазақ химия-технологиялық институтының ректоры Қ. Б. Біләлов келеді. Қасында екі-үш адам болады. Соларға менің кабинетіме дастарқан жасаймыз. Сен соған қызмет етуге жәрдемдес», – деді. Дипломдар берілді, концерт бітті. Дастарқан басына жиналдық. Мен қызметті шампан ашудан бастадым. Күн өте ыстық. Шампанның тығынын ашып қалып едім, бұрқ етіп таси бастады. Мен қайтадан жаба қояйын деп едім, шампан айналадағылардың бәріне шашырап кетті. Қыран күлкі.
Қалекең: «Ой, мынау қандай мырза жігіт? Бәрімізді шампанға шомылдырды ғой», – деп тағы ду күлдірді. Сол жерде Өмірбек менің философия факультетін бітіргенімді, мұғалімдік жұмыс болмай, лаборант болып жүргенімді айтты. Қалекең дәл сол жерде маған: «Ертең кел. Бізде философия мұғалімінің орны бос. Сені аламын», – деді. Ертеңіне барып едім, бірден 1959 жылдың 1 қыркүйегінен аға оқытушылыққа бұйрық берді. Сол уақыттан бастап осы ұстаздық жұмыс менің өмірімнің негізгі мақсаты болды. Осы институттан М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне аспирантураға түсіп, 1965 жылы философия ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алып келдім, мәдениет мәселесінен қорғадым.
1967 жылы Шымкентте Педагогикалық мәдениет институты ашылды. Соған мені ректорлыққа ұсынды. Сол жылы 1 шілдеде министрдің бұйрығын алып, іске кірісіп кеттім.
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ Д.А. ҚОНАЕВ МЕКТЕБІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛДАРЫМ
1978 жылы сәуірдің 26 жұлдызында сол кездегі министріміз Тұрғанбек Қатаевич Қатаевтың кенет телефон соққаны. Не болып қалды екен деп жүрегім лүпілдеп кетті. «Үшінші сәуір күні менің қабылдауыма келіңіз, ақылдасатын жағдай бар», – деді. Менің ойыма келгені төмендегідей еді.
«Екі ұлым Алматыда оқиды. Біреуі университетте, біреуі мединститутта. Жататындары жатақхана. Алматыға келген сайын олардың жатақ жерін көріп, көңілім бұзылатын. Бір келгенімде Өмірбекке: «Маған Алматыға ауысуға жәрдемдес. Жұмыстың үлкен-кішісін таңдамаймын, тек пәтер берсеңіздер болды» деп айтқанмын. Өмекең көп ойланып қалды. Балалардың жағдайын айтқан соң, көнгендей болды. Министрге де кіріп, осы өтінішімді айттым. Ол кісі бәрін тыңдап болып: «Ректорлық қызмет жоқ. Ал басқа не тандайсьщ?» деп сұрады. Маған министрліктің қоғамдық ғылымдар бөлімінің төрағалығын берсеңіз болды. Жоқ, ол обал болады, ойланғаныңыз дұрыс. Мені асықтырмаңыз. Өтінішіңізді түбінде ескерермін», – деп қалған. Әңгіме сонымен біткен. Министрдің