Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 23

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов

Скачать книгу

ғылым докторларын, профессорларын жинай бастады. Екі-үш жылдың ішінде университеттің ғылыми потенциалы мықтап өсті, оны одан ары қарай күшейте түсті. Одақтың ең мықты жоғары оқу орындарына көптеген аспиранттар мен доктаранттарды жіберуді барынша үдетті.

      Екіншіден, ерекше көңіл бөлген нәрсе – оқу процесінің сапасын арттыру, лекциялар мен семинарлардың сапасын көтеруге ерекше мән берілді. Оқытушылардың сабаққа деген көзқарасын олардың лекциялары мен семинарларының мазмұнын тексере отырып бағалау. Кафедра меңгерушілерінің басқаруымен ашық сабақтар өткізіп, оның қорытындысын талқылау арқылы оқытушылардың кәсіби деңгейіне баға беріп, оның ары қарай осы жұмыста қалу-қалмауы шешіліп отырды. Бұл мәселені жүйелі түрде жолға қойды. Мұның өзі мамандардың сапасын арттырды.

      Үшіншіден, ол профессорлар мен оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, студенттердің білім алуына барлық жағдай жасау керектігін ойластырды. Ол үшін оқытушыларды тұрғын үйлермен, ал студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету керек болды.

      Осы үш мәселені шешу үшін ол барлық мүмкіндіктерді пайдаланды және оларды негізінен шешті де. Сөйтіп Қазақ университетін Кеңес одағындағы ең мықты жоғары оқу орындарының қатарына шығарды, Халықаралық университеттер ассоциациясына қабылдатты.

      Өмекеңнің бұл жолында небір қайшылықтар тұрды. Қиянаттарға ұшырады. Көреалмаушылар, аяқтан шалушылар да болды. Оның артынан өсек жаудырып жіберді, жала да жапты. Оның барлығына қолды бір-ақ сілтеп, халқының маңдайына біткен жалғыз университетін дамыған үстіне дамыта берді. Дегенмен, оған көрне-көзге қиянат жасаушылар Горбачев бастаған авантюризм кезеңінде қудалауға салды. Оның басында сол кездегі Қазақстан Орталық Партия Комитетінің хатшысы Камалиденов тұрды. Қалай да қылмыстық іс тауып, оны түрмеге отырғызғысы келді. Одан түк шықпады.

      Авантюристер қанша қудаласа да, орнынан босап, жұмыссыз қалдыру қаупі төніп тұрса да, Өмекеңнің тұлғалық қасиетінің ерекшеліктері сол – үйінде отырып ғылыми жұмысымен шұғылдана берді. Ол өзіне сенді. Әділеттіліктің орнайтынына күмәнданған жоқ. Осының өзі оған қуат берді.

      Өмекеңнің сол кездегі жазықсыз қудалануынан, оны барынша рухани қорлауынан қазақ қоғамы үлкен қорытынды шығару керек. Бұл тарихи қорытынды болуы қажет. Ол қорытынды қазақ қоғамының бойына сіңген, оған Ресейдің бодандау дәуірі әкелген өз ұлыларын қудалау, оларды қорлау ауруынан жазылу қажет. Біз білеміз, еліміздің данышпан перзенттері М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Д. Қонаевтардың көзі тірі кезінде қандай қорлықтар көрді. Биліктен көрген азаптары бір төбе болса, өздерінің жағымпаз, жандайшап отандастарының жаласын, былғаныш сөздерінен кешкен азаптары одан да ауыр болды. Сол қорлықты Өмірбек те басынан өткізді.

      Мұны айтып отырғаным, кешегі Өмірбектің басына іс түскенде «Өмірбек – біздің досымыз» деп үйінен шықпайтындар жоқ болып кетті, «біз – Өмекеңнің шәкірттеріміз» деп жүргендерді іздеп таппай қалдық. Сондай

Скачать книгу