Индуизм. Дарига Кокеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 12

Индуизм - Дарига Кокеева

Скачать книгу

да басты рөлді атқарды [45, 250-251 бб.].

      ХІХ ғ. ғалымдар табиғи құбылыстарға сүйене отырып, мифологиялық материалдардың интерпретациялық әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. «Махабхараттаның» аңыздылығына алғаш көңіл аударған А. Людвиг оны мерзімдік миф деп талдады. Ал И.Дальман оның кейбір сипаттарын толықтай мифологиялық деп сипаттады. Н. Тханади болса «Махабхаратадан» үнді философиясындағы дәстүрлі алты мектептің тартысын аңғарғандығын тілге тиек етеді.

      Үнді мифологиясындағы басты мәселе А.Б. Киттың еңбектерінде айтылған. Онда Веда мен Упанишад ілімдерінің дінифилософиялық мазмұны нақты ашылған.

      «Махабхаратада» пантеон нақты сипатталған. Эпоста веда құдайлары пантеон ретінде сипатталады. Ведадағы монотеистік ой басты үш құдай Брахма, Шива, Вишнуды құрмет тұтатын Варун кейпімен байланысты. Ведалық Варун туралы пантеистік түсінік Махабхаратадағы Вишнуды сипаттайтын әлемнің бастамасы пурушпен түсіндіріледі.

      Ведалықтан эпикалық құдайлар пантеонының айырмашылығы табиғи құбылыстармен байланыстылықтарын жоғалтуында.

      Зерттеулерге байланысты мифологиялық көріністер былай топталады:

      – Әрекетпен байланысты;

      – Композициялық инкорпорацияға қатысты;

      – Қысқаша сипатталатын мәтіннің нейтральды құрылымы.

      А.А. Макдонелл ведалық материалдарға сүйене отырып, әлемді жер, аспан және ауа деп дәстүрлі топталуды жөн көреді.

      Э.У. Хопкинс эпикалық құдайларды осы топталуларға Брахма, Шива және Вишну құдайлары аталмыш мекендерді басқаратындығы жайлы атап өтеді. Мифологияда құдайлар кейіптердің эпикаға дейінгі тарихы, құдайлардың сыртқы бейнелері, олардың қаруы, орналасқан жерлері, мифологиялық атқаратын қызметтері, негізгі атаулары, құдайлардың серіктері жайында сипатталады.

      Эпоста Брахма Абсолюттің жеке формасы ретінде танылады. Жоғарғы Атман, сондай-ақ ведалық Праджапати сипаттарына ие. Упанишадтарда Праджапати барлық әлемді жаратушы әрі қиратушы және барлық құдайлардың әкесі ретінде танылады. А.А. Макдонелл абстракті құдайдардың шығуы жайында екі деректі алға тартады. Біріншіден, эппитеттің белгісіндегі дамуының жеке көрінісінде; Екіншіден, абстракті түсініктің кейіптелуінде; Брахма Парамештхин (Жоғары), Локагуру (Әлем басшысы), Праджапати (владыка сушего) атауларымен танымал [46, 39-45 бб.].

      Енді жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып, Үнді мифологиясындағы елеулі орынға ие болған құдайлар пантеоны «Үштік» – Брахма, Шива, Вишну бейнелері және олардың атқаратын функциялары жайында сөз қозғай отырып, Брахма туралы берілген Ригведадағы (Х, 125) мына түсінікке көңіл аударайық:

      Бұл дүние бастапқыда Брахманға ұқсады. Брахман өзінен құдайларды жасады. Ол жаратқан құдайларды дүниемен араластырып, бұл дүниеге Отты, ауа кеңістігіне Желді, аспанға Күнді көтерді.

      О баста құдайларда мертігетін, өлімге ұшырайтын болған.

Скачать книгу