Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 15
А. Барттың «Религии Индии» атты еңбегінде Е.П. Блаватская «Кришна Будданың кейпі әрі үнді дініне табынушыдарының құтқарушысы. Кришнаның ана жатырында пайда болуы, тууы және балалық кездегі өмірі Жаңа Өсиеттегі тарихтың нақты протипі. Осыған байланысты миссионерлер Христостың туу туралы тарихын үнділер Үндістанға келген ежелгі христиандардан ұрлап алған деп дәлелдеуге тырысады» – десе, Мэнли П. Холл Кришнаны Христостың үнділік баламасы деген ой тастайды. Кейбір авторлар үшін «Кришна өзінің халқына қырғын соғыстағы өліміне күле қарап, сол халықтың тоқырауын дайындаған Құдай, себебі оның жерге келудегі мақсаты жер бетін қаптаған тәкаппар халықтан тазатру» деп атап көрсетіледі [56, 276 б.].
Бһагават-Гита осы мектептерді дәріптейтін қасиетті жазба болып саналады. Онда Кришна жоғарғы Болмыспен теңестіріледі. «Кришна» термині Вишну мағынасын береді. Кришна Вишну аваторы ғана емес жоғарғы Болмыс атауына да ие. Кришна Хари есімімен де танымал. Отандық зерттеуші Қ.М. Борбасова Бһагават-Гитаның алғашқы аудармалары батыс жеріне жеткен уақытта 1869 ж. Ф. Лоринзер мәтінде христиан дінінің идеаларының әсері бар деп айтқандығын, бірақ, 1875 К. Гелангтың ізденісі бұл ойды жоққа шығарғандығы жөнінде тілге тиек етеді [57, 21 б.]. Десе де, ХІХ ғ. екінші жартысында М.Вебер, А. Холуман, Х. Хопнин сынды зерттеушілер «Бһагават-Гита» мәтіндерінде көптеген бұрмалаулар енгізілгендігін сөз еткендігін ескергеніміз жөн.
Қазір Үндістанда кришна-вайшнав ағымындағылар көп кездеседі. Дін бірнеше бөлікке бөлінген. Осы тармақтың бастылары ретінде бһагават пен панчаратр танымал.
Вишнудың аваторы Рам немесе Рамачандр. Үнді эпикалық поэмасы «Рамаянада» Иодиялық патша Дазараттың ұлы Рам жайында баяндалған. Оның жастық шағы қызық оқиғаға толы.
Әкесінің қатал діни тәртіптерінен бас тартқандықтан тақтан қуылады да ну орманға жөнелтіліп, онда 14 жыл тұрады. Орманда жары Ситаны әзәзілдер патшасы Раван ұрлап кетеді. Раванмен айқаста ол жеңіске жетіп жары Ситаны өзіне қайтарып алады. Еліне келіп, қайта таққа отырады да жары Ситаны ғибадатханаға жібереді. Кейін екеуі көкте кездеседі. Рам адамзатты құтқарушы ретінде Вишнудың адам кейпіндегі түрі деп сендіріледі. Бұл ағым Рама-вайшнавтар деп те танылуда.
Маһабһарата эпикасына үңілетін болсақ, Кришна үнемі Пандавтарға, әсіресе, Аржунға мойынсұнған. Аржун оны ата-ана, бауыр, дос-жоралармен араласуына тиым салған. Кришна мен Аржун арасындағы әңгіме адамдардың міндеттері туралы, дұрыс әрекет жасауды қалай талдау керектігі жөнінде айтылған. Кришна мен Аржун арасындағы диалог 18 бөлімге бөлініп, 700 өлеңге тіркеліп жазылған. Бұл үнділердің бірден бір қасиетті жазбаларына айналып отыр.
9. Вишнудың тоғызыншы амал-әрекеті – Будда кейпінде келуі.
Вишнудың Гаутама Будда кейпінде түскені де бәріне мәлім.
Шудходана ұлы Гаутама алғаш адам күйзелісі мен қайғы