.

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 16

Автор:
Жанр:
Серия:
Издательство:
 -

Скачать книгу

бірі – Шива. Алғашқы «Үштік» құдайлардың бірі ретінде бұл бейне көптеген ғалымдарды ізденіс үстіне қоюда. Оны Махеш немесе Махадева (ұлы құдай) деп те атайды. Шива түрлі тәсіл, ерекшеліктерімен төмендегідей суреттеледі:

      – оның орны (жолбарыс терісін жамылған);

      – иықтары мен мойнында оралған жыландар;

      – ұйысқан шаштары;

      – шашына шаншыған ұзынша таяғы;

      – басынын төмен құйылатын Ганга өзені;

      – трайдент (оның билігінің символы);

      – қасиетті өгіз;

      – шар;

      Бұлардан басқа Шиваның бір ерекшелігі оның ұшқыр үшінші көзі. Махабхаратада Шиваның жол көрсететін үшінші көзі жайында екі көзқарас баян етіледі: Жары – Парвати Шива артынан жүріп, оның көзін таңғанда, сол сәтте әлемді қараңғылық басып, барлық тіршілікке қауіп төнеді. Сол кезде Шива үшінші көз жаратып әлемге жарық сыйлады; екінші көзқарас бойынша, оның үш көзі күн, ай және отты бейнелеп тұрады екен [62, 110 б.].

      Шри Шива Татвада бұл көз былай суреттеледі: оның ұшқыр көзі жалын шашып тұрады. Бұл ішкі дүниеде рөл атқарады. Егер ол сыртқа бағыттаса, онда бүкіл жаратылыс өртке шалдығады. Сондықтан да Шиваның үшінші көзінің қарасынан Кама, шөл құдайы және басқалар өртеніп кеткен. Шива үш көзді болғандықтан Тримаран-петра, Тримаран-амбаха, Тримаран-акша және Тримаран-наяна деп аталады. Әртүрлі символдарына байланысты Шива құдайы қасиетті жазбаларда бірнеше түсініктермен берілген [63, 34 б.].

      Енді жоғарыда көрсетілген нұсқаларға түсіндірме беріп өтейік;

      – Жолбарыс терісі: Жолбарыс – барлық билік пен күш құдайы (Шакти-рам). Үнділердің түсінігінде Шива кез келген күштің иесі деп танылады. Кез келген күшті жеңуші символы ретінде жолбарыс терісін киген. Пуранаға тоқталсақ; қалың орманда дәруіш кейпіне түскен Шива адасып жүргенде қызық оқиғаға тап болады. Өзін жем жасайын деген жолбарысты өзінің данышпандылығымен өлтіріп, оның терісін жамылған деседі.

      – Мойнындағы жыландар: Шива – өлімге билік жүргізуші. Мойнындағы жыландардың болуы да кез келген уды қайтаруға ие екендігін көрсетеді. Әрі жыландар басшысы Кундалини есімімен де аталады. Кейбір деректерде Шива құдайының есімі Кундалини деп аталынуының да сыры осында жатыр.

      – Ұйысқан шаштар: Шиваның ұйысқан шаштары жел құдайы екендігін танытады.

      – Ай ортасында шашына шаншыған ұзынша таяқ Шива құдайының айға да билік жүргізетіндігі көрсетіледі.

      – Трайдент: Тришула Шива – жаратушы, бақылаушы және қиратушы 3 функциялы символымен танымал. Сонымен қатар зұлым пенденің жазасы руханилық, қатаңдық және физикалық тұрғыда осы үшеуін қолданады.

      Шиваның басқа танымал есімдерінің бірі – Рудра. Веда мәтіндерінде де Рудраның көптеген атауымен оның себептері берілген. Оны қорқынышты құйын құдайы деп те атайды. Бір жағынан, егер ол ашулы болса, ол адамзатқа қайғы-қасірет әкеледі, ал егер ол қуанышты

Скачать книгу