Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 2
Индуизм қалыптасу тарихында 1000 жыл ішінде әлеуметтік ұйым, діни-философиялық доктрина мен теологиялық көзқарас ретінде құрылғандығы айтылуда. Сондай-ақ, индуизм өз ұстанушыларын көзқарастық, әлеуметтік, құқықтық, веданттық т.с.с. өмір аясымен сырлас тереңіне дейін ұғындыра отырып, өзіне қажеттіні және басқа аңыз-рәсімдік көзқарасты лайықты деп қарап, өзіне басқа діндерді, жат құдайлар пантеонын сіңіргердіктен өзін ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуде.
Ерте кезден өз тарихи жолдарымен дамып, жалғасын тауып келе жатқан индуизмді дәстүрлермен, әрі мәдениет символдары мен заңдар жүйесін түсіндіреді десек те болады. Сондықтан индуизм қазір де аңыздық-этикалық, фольклорлы байланысын сақтап келеді. Тіпті, философия индуизмде аңыздық құрылымы мен көрінісін жоғалтпады деуге де болады.
Десек те, индуизм конфессиональды, ойлы ұйымдасқан жүйе емес, оның арнайы сипаттары оның өзгешелігін айқындап бере алады. Индуизм әртүрлі кітаптардың, ағым-бағыттардың конглемеранты. Сондай-ақ, индуизмде доктринальды күпір де жоқ, айқындалып жазылған бірігей ортақ доктрина да жоқ. Әр форма, әр дін өз этикалық құндылығымен танымал. Сондықтан діни көзқарас ретінде индуизм плюрализмге тән.
Батыстықтардың түсінігінше, индуизм түсініксіз, құпия түрінде қала береді деп пайымдай отырып, индуизмді адамдардың көбі күннен күнге жаңартып, бет алып келе жатқан ғажап дін дейді. Сондықтан индуизммен таныс болу үшін бастапқы болмыс пен танымды негізге алу керек екендігін тілге тиек етеді [6, 234 б.].
Индуизмнің политеистік сипаты түрлі діндерді, құрметтеу объектілерін және аңыздық-рәсми жиынтықтарды ғана сөз етпейді, сонымен қатар индуизмнің басқа дінге де байланысын көрсетеді. Олармен қақтығысы барысында өзінің барынша таралуы үшін көзге көрінгенін заманауи үнді зерттеушілері айтады [7, 194 б.].
Индуизмнің пайда болу тарихында ешқашан жалпыүнділік жиын шақырылмаған. Үнді қоғамында ертедегі дәстүрдің ізімен жүру сақталып қалды. Олар үшін ата-баба діні ритуальды-веданттық нормаларды бақылауда ұстау, аңыз-әңгімелерге сену, танымал құдайларға нану және қасиетті мәтіндердің беделін мақұлдау болып табылады.
1995 ж. Үндістанның жоғарғы сотында үнді дінін айырықшалап тұратын басты 7 сипатты атап көрсетеді:
– Ең жоғарғы әрі даусыз рухани және философиялық беделі ретінде веданы сөзсіз қабылдау;
– ақиқаттың