Индуизм. Дарига Кокеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 8

Индуизм - Дарига Кокеева

Скачать книгу

жеңілдету үшін қазіргі терапия мен психикалық талдауға сай дәстүрлі йога жүйелерінің элементтері мен ұқсастықтарын басшылыққа алуда.

      Қазіргі йога оқытушыларының көпшілігі йоганы діннен тыс жаттығулар жүйесін қолданатындығы туралы үнді бұқаралық ақпарат құралдарында берілуде [32, 9 б.].

      Индуизмде тақуалық бар. Тақуалар діннен, отбасылық шаруашылықтан бас тарта алады немесе варнашрамадһаға еркімен келе алады. Осы екі жағдайда өз кастасынан алшақтап құдайға деген арнауын қабылдайды. Тақуалар қоғамда гурудың басшылығымен жүріп тұрады немесе ел кезіп дуаналық хал кешеді. Бұларды садхулар деп атайды. Тақуалардың тәжірибесі йога жасау. Дәстүрлі агами-шиваиттер он ортодоксальды тақуалық орденге біріктірілгендіктен олар дашандар деген атқа ие болды.

      Қазір бүкіл Үндістан бойынша 1 млн 200 мың тақуа бар деп соңғы деректерде көрсетіліп жүр. Одан басқа вишнуиттік, тантристік тақуалар кездеседі. Үндістандағы қасиетті жерлерде дінді дәріптеуші тақуаларды мына қалалардан кездестіруге болады: Канчипуран, Шринагар, Дарак, Пуни және Бактинадха. Шанкар ізбасарлары «Джагат гуру шанкарчарья» деп аталады. Шанкар тақуалары Шиваға табынады. Индуизм үшін тақуалылық – рухани тазару болып саналады. Жетекші ұстаз – гуру деп мақұлданады.

      Үнді дінін ұстанушылардың түсінігі бойынша діннің ұйытқысы болып, оларды біріктіріп отыратын гурулар (рухани жетекші абыздар) құдайлық дәрежеге ие болып табылады. Сондықтан олардың бәрін гурулық агамдардың негізін қалаушылар деп атайды.

      Гуру «гу» көлеңке, «ру» жарық деген мағынаны білдіреді. Гуру шәкіртке рухани білім беруші болғандықтан мынадай төрт қасиетке ие. Шратийя (жазу сауаты), брахмаништам (рухани мақсат), акамакита (қалаудың болмауы), нишкаламика (зұлымдықтан азат болу). Осы қасиетке ие болған адам ғана бостандыққа оңай жете алады. Чайтанияның айтқанындай, гуру құдайлық мейірім, самалды жел; Егер адам осы тәсілдермен өмір мен өлім теңізін кесіп өтуге тырыспаса онда ол шынымен адасқан [33, 191 б.].

      Свами Вивекананда рухани ұстазды (гуруды) күнмен теңестіреді. Ұстаздың бейнесінен оның ілімі күн сияқты шашырап тұруы керек дей келе, рухани ұстаздарға мынадай сипат береді.

      Рухани ұстаз қасиетті кітаптардың құпиясын терең меңгерген болуымен қатар пәк болу керек және жүрегі құдайлық сезімге толы болуы шарт [34, 38 б.].

      Гуру отбасын құра алады. Ол – отбасының жетекшісі. Сондықтан олар өз міндетін мұрагерлікке қалдырып отырады. Гуру өз қарауындағы тақуалар мен дуаналарды қалай басқарса, отбасындағы да билік солай қадағаланады. Рухани жетекші діни ілім алған кез келген брахман бола алады. Гуру йога барысында құдай ретінде танылады. Мәртебесі құдаймен теңестіріледі. Мысалы, орта ғасырда жазылған еңбек «Йогашикхопанишадта»:

      – Гуру – ол брахман;

      – Гуру – ол Вишну;

      – Гурумен еш нәрсені теңестіруге болмайды;

      – Оған беріліп, құлшылық ету керек;

      – Ол

Скачать книгу