Индуизм. Дарига Кокеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 9

Индуизм - Дарига Кокеева

Скачать книгу

өзіндік жеке мантралар бар.

      Үнді халқы орналасқан аумағы кең Үндістанда б.д.д. осы елдегі арий тұрғындарының бірлігімен ерекшеленген діни сенімнің негізі бар индуизм кішкене талдан өскен биік ағаш секілді. Сол талдан бірнеше бұтақ жарып, әлемге кең қанатын жайғандай. Иә, қай дінді алып қарасақ та, сол діннің өзіндік ерекшелігі, тірегі (құдайы), соған жету жолдары бар. Құдайдың ризалығына бөлену үшін алуан түрлі діндердің өзіндік қағидалары бар екендігі де даусыз. Сол сияқты үнділердің де құдайға жалбарыну арқылы өз арман-тілектеріне қол жеткізу мақсатында әуенделетін қасиетті дыбысы мен таңбасы, яғни мантрасы бар. Ол қандай дыбыс, таңба? Ең алдымен қасиетті дыбысқа зер салайық. Ол Угитха, яғни жалпы үнділік мантра –

(ОМ). Осы дыбысты әуендеу арқылы Үштік құдайлары – Брахма, Шива, Вишнумен табысамыз, арман, мақсатымыз іске асады деп ұғынады үштік табынушылары.

      Ом буынын түсіндіру негізінде «Мәдени Мұра» бағдарламасы арқылы аудармасы жеткен Тайтрия Упанишадтағы дерекке сүйенсек, Раджапатида белгіленген бұл тілдің шығу тегі, Веданың 3 сөзімен байланыстылығын көрсеткен. Осы үш сөз буыны жер, ауа және көкті анықтайды. Осы үш буынынан құдайлық «Ом» пайда болды. Онда Тримурти құдайлары – Брахма, Шива және Вишну танылады. Құдайлық «Ом» буыны тағы бір дерек Мхандогья-Упанишадта (І,1) былай түсіндіріледі:

      Бар нәрсенің шырыны – жер Жердің шырыны – су Судың шырыны – өсімдіктер Өсімдіктер шырыны – Пуруша Пурушаның шырыны – сөйлеу Сөйлеу шырыны – Риг Риг шырыны – Саман Саман шырыны – Угитха [37, 90 б.].

      

– жаратушының алғашқы дыбысы, яғни әуеннен я болмаса тіл қуысынан шыққан дыбыс әрі қасиетті буын. Упанишадта бұл қасиетті буын қасиетті жазбаларда, қасиетті дұғалардың негізі ретінде мистикалық дыбыс болып табылатындығы сөз етіледі. Бұл дыбыс үнді дінін жаңғырту үшін шыққан. Өткен уақыттарды, қазір, тіпті болашақта да бұл дыбыс
– ды жобалап түсіндіру үстінде екендігін де тілге тиек етеміз.

      

– әлемдік жанның дыбыстық формасы. Упанишад бойынша барлық тірі я өлі тіршілік қасиетті Ом буынынан бастау алады. Әрі осы буынның психотерепиялық эффектісі шексіз болып саналғандықтан барлық дыбысталулар құрбандық барысында қате болып шықпауы керек. Барлық талап-тілек «ОМ» дыбысталуынан кейін іске асады. Оның эквиваленті – Омкара. Осы бойынша құдайды танытып отырады [38, 145-148 бб.].

      Әуенді түрде «ОМ» немесе «O-U-М» 3 негізден құралған. Осы «ОИМ» – ды әуендеген пенде дәстүрлі түрде барлық кедергіден айығады. Сол үшін де жалбарыну барысында тәртіпті сақтаған жөн.

      Свастика

– крест формасындағы белгі \таңба\. Оның төрт жағында иілген таңба періштелер қаруы деп түсіндіріледі. Сондықтан бұл белгіні кез келген діни рәсімдерде пайдаланудың маңызы зор.

      Ганишпуранда «Свастика» белгісі Ганеш құдайының формасы болып табылады деп айтылады. Кез келген істі бастау алдында свастиканы еске тұтқан абзал.

Скачать книгу