Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 8
Жазба шифрын ашайық: SS (single-sided) – бір бағытта, DS (double-sided) – екі жақты, SL (single-layer) – бір қабатты, DL (dual-layer) – екі қабатты.
Flash-жады.
Flash (флэш) жады – жартылай өткізгішті, энергияға тәуелсіз, қайта жазып-өшіруге болатын арнайы жады түрі.
Қайта жазып-өшіру деректерді өзгертуге мүмкіндік береді.
Энергияға тәуелсіздік деректерді сақтауға қосымша энергияны талап етпейді (энергия жазбаларды жазуға ғана қажет).
Жартылай өткізгіштер интегралды микросұлбалар негізінде жасалған, механикалық қозғалмалы бөліктері болмайды (қатқыл дискілер сияқты, СD).
Флэш-жады RОM-ға негізделген және RАM секілді жұмыс істейді. Бірақ RАM-нан айырмашылығы энергияға тәуелсіз, яғни ток көзінен суырған кезде деректер жоғалмайды. Флеш-жадының ұяшығы бірнеше бит ақпараттарды сақтайтын арнайы архитектуралы транзистордан тұрады және конденсаторы болмайды.
Графикалық контроллер (видеокарта/графикалық адаптер/ /видеотақташа).
Контроллер (Controller – реттегіш, басқарушы құрылғы).
Графикалық контроллердің жеке оперативті жадысы болады (128 Mb – 24 (12x2) Gb).
Видеокарта экранда бейне құрамындағы нақты бір нүктелер санын орналастыруға қабілетті, яғни белгілі бір рұқсат беретін қабілетке ие. Экрандағы графикалық ақпараттың көптігіне, яғни экранға мейлінше көп нүкте орналасуына қарай бейне немесе сурет анығырақ, сапалы бола түседі.
2.1-кесте
Графикалық режим
Дыбыстық адаптер (дыбыстық карта/ sоundсаrd/ плата).
Адаптер (ағылш. adapter – бейімделу) – бұл үйлесімді құрылғыларды тек бір әдіспен жалғау үшін арналған құрылғы немесе элемент.
Слоттар ISА (8MHz/ 16bit) ескіргендері.
Слоттар РСI (33MHz/ 32bit) қазіргі заманғылары.
Дыбысты жазу разрядтылығы және динамикалық диапазон – бұл ең жұмсақ және ең шулы дыбыстар арасындағы ауқым.
Архитектуралар түрлерін көрсетейік:
1) машиналық сөз және интерфейс разрядтылығы бойынша: 8-разрядты, 16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядты, 128-разрядты;
2) деректер форматына және регистрлер жиынтығы ерекшеліктеріне қарай: СISС (ағылш. Соmрlеtе Instruction Set Computer), RISС (ағылш. Rеduсе Instruction Sеt Computer), VLIW (ағылш. Vеrу Long Instruction Word);
3) орталық процессорлардың санына қарай: бір процессорлы, суперскалярлы, көп процессорлы; көп процессорлылар жадымен өзара байланысу принципі бойынша бөлінеді: SMР (ағылш. Symmetric Multiprocessing), MРР (ағылш. Massive Parallelprocessing), үлестірілген.
Қазіргі кезде көптеген көп процессорлы жүйелер симметриялы мультипроцестеу (SMР) архитектурасын пайдаланады.
Сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру және перифериялық құрылғылар.
Енгізу құрылғысы
Тінтуір (mоusе), Дигитайзер (digitizer / graphictablet/ графикалық планшет), Пернетақта, Сканер, Сандық бейнекамера және т.б.
Шығару құрылғысы
Монитор