Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 9

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов

Скачать книгу

жүктелген шектеулерге тәуелді, мысалы, санның қалыпты форматының жазбасы:

18340 = 1,834 ∙ 104 = 0,1834 ∙ 105 = 1834000 ∙10-2 және т.б

      ЕТ-да сандардың шынайы форматында орналасуы тор разрядтылығының ұзындығына, бөлшек және бүтін бөлігінің тұрақты бөлінуіне қатысты болады. Сондықтан сандардың бұлай орналастырылуы бекітілген үтірлі деп аталады.

      Сандардың қалыпты форматта берілуі жылжымалы үтірлі деп аталады. Жылжымалы үтірлі форматта берілген сандармен көбінесе әмбебап компьютерлік жүйелер жұмыс жасайды, ал арнайы компьютерлік жүйелер бекітілген үтірлі сандармен, бірақ көптеген машиналар сандардың екі форматымен де жұмыс жасай береді.

      Әдетте, компьютерлік жүйелерде сандарды беру үшін биттік жиынтықтар пайдаланылады, ол белгіленген ұзындықтағы нөлдер мен бірлердің тізбегі. Тұрақты ұзындықтағы жиындарды ұйымдастыру техникалық тұрғыда айнымалы ұзындықтағыны теруден оңай. Биттік жиынтықтағы позиция разряд деп аталады.

      Бүтін сандарды ұсыну.

      Бүтін сандар компьютерде бекітілген үтірлі форматта сақталады. Сандарды компьютерде бекітілген үтірлі форматта сақтау үшін машиналық сөз (операнд) белгі және сандар өрісі атты белгіленген екі өріске бөлінеді.

      Бұл формат анағұрлым қарапайым, шынайы, бірақ сандарды беру аралығы үлкен емес, сондықтан есептеуге оңтайлы емес. Сандарды кодтау қажеттігі компьютерлік жүйелерге адамның қағазға бейнелейтіндей түрінде жаза салу мүмкіндігі жоқтығымен анықталады. Сандарды оң және теріс түрде жалпыға ортақ форматта да беретін бірнеше келісімдер бар.

      Сандарды алгебралық түрде, яғни сандарды олардың таңбасын ескеріп беру үшін ЕМ-де арнайы кодтар пайдаланылады:

      – санның тікелей коды;

      – кері коды;

      – қосымша коды.

      Бұл үш әдіс те санның белгісін кодтау үшін биттік ұзындықжиынының сол жақ разрядын пайдаланады: «қосу» белгісі нөлмен, ал «алу» белгісі бірмен кодталады. Санның абсолютті ұзындығын беру үшін басқа разрядтар (сандық бөлігі деп аталатын) пайдаланылады.

      Символдардың берілуі.

      Символдарды кодтау үшін бір байт жеткілікті. Сондай-ақ 256 символ арқылы да ұсынуға болады (0-ден бастап 255-ке дейінгі ондық кодтар арқылы). IBM РС дербес компьютерлерінің символдар жиынтығы, әдетте ақпарат алмасудың америкалық кодтар стандарты (ағылш. American Standart Code for Information Interchange, АSСII) кодының кеңейтілімі болып табылады.

      Кодты кестелердің мысалдары 2.2-2.6-суреттерде келтірілген.

      КОИ – орыс тілі үшін кодтау және ақпарат алмасу.

      2.2-сурет. КОИ-7, КОИ-8 – орыс әріпі мен символдарының кодталуы

      1. #154 – үзіліссіз бос орын.

      АSСII – бұл сегіз разрядты кодты кесте, онда 256 символ коды берілген (127 – ағылшын тілі символдарының стандартты коды, ал 128-ден бастап 255-ке дейінгі кодтар – ұлттық стандарт, тілдің алфавиті, жалған графика, 0-ден бастап 32-ке дейінгі кодтар символға емес, функционалды пернелерге арналған).

      2.3-сурет.

Скачать книгу