Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 4

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

бірақ ол мамандар үшін әдебиет, ал тарихқа қызығатын кәдімгі зияткер адам монографиялар мен ғылыми-танымдық әдебиет оқып өзінің білімін толықтырады. Ал бұл тұрғыда аса алға басу байкалмайды. Елімізде көптеген кандидаттар мен тарих ғылымының докторлары еңбек етеді, бірақ еңбектері шынымен біздің өткенімізді білуге және түсінуге көп жаңалық әкелетін тек аздаған ғана есімдер бар.

      Әсіресе, отандық ғылымымызда қазір тұтас бағыт боп қалыптаса бастаған шығармалар көңіл қыжылын тудырады. Мұндай жұмыстарда қазақтың тарихы ретінде, мысалы, Сыр бойы аймағының отырықшы тұрғындарының тарихы жөнінде егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл жерлер онда тұратын тұрғындарымен бірге шынымен де ғасырлар бойы Шығыс Дешті Қыпшақ көшпенділеріне бағынған, бірақ сол ислам ұстанған дихандарды, қолөнершілерді және саудагерлерді қазақтардың бабалары деп айту қиын шығар. Н. Масанов өте әділ айтқандай, бұл өз тарихы мен мәдениетіңді сыйламаумен бірдей.

      Қанат Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының шүбәсіз қасиеті: оның көшпенділікке арналуында. Және тіпті жәй көшпенділікке емес, қазақ көшпенділігіне. Көптеген тарихшылар үшін егіздердей бірдей көрінетін номадтар іс жүзінде француздар мен қытайлардан бетер бір-бірінен өзге болған. Тіпті, көрші болған жоңғар, казак, қырғыз, «көшпелі өзбектер», түркмендер арасында қоғамдық және саяси кұрамы жағынан орта ғасырлар кезеңінде тұңғиық өзгешеліктер болған. Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек. Тек баяндаумен шектелмей, ол қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымы жөнінде көптеген түбегейлі идеялар мен ойлар айтады. Мен олардың көбісіне келісемін және олар қазіргі кезде қанша шектен шыққан және үйреншікті емес боп көрінсе де, ғылыми қауымдастық осы ойлардың ақиқаттылығын мойындайды ғой деп сенемін.

      Автордың оқырманға өткен шақтың объективтік картинасын көрсетуге талпынысы да өте ұнамды әсер қалдырады. Теорияда бұл жөнінде тіпті айтудың да қажеті болмас, ғалымның объективті болу қажеттігі бесенеден белгілі, бірақ өкінішке орай тарих ғылымының ахуалы сондай көптеген ғалымсымақтар туған халқының тарихын тек жақсы жағынан көреді де, дәл сол күйінде қоғамға келтіреді. Бұл кітап осы жағынан да ережеден тыс үздік құбылыс. Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған.

      Кітап коньюктуралық есеп қисабы жоқтығымен де өзіне тартады. Қазіргі кезде марксизм-ленинизм классиктерінің цитаталарына толы Cоветтiк кезеңінің тарихшылары кітаптарын оқу азаппен тең, бірақ ол кезде көптеген ғалымдар гылымға тіпті жақындай алмас еді. Қазір үлкен есеппен келгенде, ешкім билікті сүюге мәжбүрлеп жатқан жоқ, бірақ, соған қарамастан, тарихшылар өз еңбектерін тақырыпқа аз қатынасы бар Елбасының қанатты сөздерімен әшекелеуді жақсы көреді. Ал ең жаңа тарих мәселелерімен айналысатын ғалымдар тәуелсіз Қазақстанның тарихын Елбасының үздіксіз табысы мен жеңісі ретінде суреттейді.

      Бұл тұрғыда да қарастырылып

Скачать книгу