Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 40

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

да оңайға түспеді… Кейін жаңа этностың атауына айналған және, сонымен бірге, Ресей мен Украинадағы арнайы әскери сословиенің атауы болған казак атауының шығуы да монгол дәстүрінің дағдарысымен тығыз байланыста… Анығы, қазақ атауы дәл XV ғасырда кең тарады және тек монгол дәстүрлі мемлекеттерде… Екі жағдайда да термин өзінің алғашқы мазмұнынан өте алыстап кетті» (сонда, 461–462 бб.). 2011 жылы бесенеден белгілі болған қазіргі қазақтармен орыс-казактарының өз атауларына сәйкес екенінің мойындалғанынан кейін олардың арасындағы өте анық байланысқа ешкім күле қоймас және қазақ этногенезінің қазақылық концепциясын жоққа шығара алмас. Тек Әкімбековтің әлгі терминнің өзінің ежелгі және ортақ «ерікті, бостандықтағы» мағынасынан осы екі мәдени-тұрмыстық қауымдастықта қай жағынан алыстағанын көрсетпегені қынжылтады. Ал оның «касогтар», «казацкие ханы», «Казакия», «қазақ арбалары» және өзге де казактар туралы әбден сенімді қайнаркөздерден алынған казак терминінің XV ғасырдан бұрын жөніндегі деректерден көбінесе еш негізсіз бас тартуы жөнінде бұл ресми ғылыми қызметкерге өте үйреншікті ұстаным деп айтуға болады. Әкімбековтің Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуіне «классикалық» түрде жабысуын жоғарыда Теміргалиев миф ретінде быт-шытын шығарған еді, бірақ тек қана сол көзқарас «Далалар тарихының…» бар қисынды анализін казак этнониміне қатысты өте қарама-қайшы шешімдерге әкеледі.

      Біріншіден, «Зафар-Наменің» соғыс кезінде Тамерланнан Камар ад-Диннің могол қазақтарына қашып кеткен «казак мыңы» жөніндегі нұсқауы жалғыз ілікті болса да, казактардың бар екенінің және олардың XV ғасырға дейін Ұлы Далаға талпынғанының жалғыз дерегі емес. Жоғарыда «Чингис-Намеде» Хызр хан қазақтарының Сарайға «қазақылық ордаларының» Жетісудан өзге аймақтарынан XV ғасырдан бұрын көшіп келгені жөнінде көрсетілген еді. Екіншіден, егер ұлыстар казактарды бір-біріне қарсы пайдаланса, ол казактар басқа казак емес, сол баяғы ежелгі монгол казактары, түр-тұрпаты мен мәдени-тұрмыстық болмыс бітімін жоғалтпаған. Үшіншіден, казак болу тек соғыс әрекеттері кезеңімен шектелмейтін, Самарканди айтқандай, «барлық жерде қарақшылық жасау» үшін немесе «тағы артқа шегіну» үшін, немесе Бабыр айтқандай, «шексіз өжетпен жау үйірін алып қашу» үшін әрқашанда казакша өмір сүріп, әрқашанда тың әрекетке дайын болу керек. Әкімбековтің өз ойынша, қазақылық институты бәрінен бұрын «жас ұрпақты әлеуметтендіруге байланысты болған, ал ол «қазақылық» арқылы күрделі жағдайда соғыс әрекеттерін жүргізу тәжірибесін үйренді» (сонда, 464–466 бб.). Әрине, мүндай әлеуметтену халық тұрмысынан бөлек алған арнайы әскери шаралар мен мектептерде өте қоймас еді, егер бұл туралы ешқандай тарихи деректер жоқ болса. Егер инициацияның мұндай процедуралары болса да, олар тек монголдан кейінгі дәуірде емес, бүкіл «далалар тарихы» барысында болған шығар. Мұндай әлеуметтендіру жігіттерді тек халық нұсқасында тәрбиелер еді және оларды казакка алар еді, яғни, өзінің ел әскеріне

Скачать книгу