өзге отырықшы райят тұрғындар) арасындағы әскери сословиенің тағдырын таңдады, іс жүзінде олар сарттар үшін алғашында өзбек-казак болған және кейін ғана, көп кейін (XX ғ. қарсаңында) сарттармен араласып, жәй өзбекке айналды. Олар Мухамед Шейбаниді Өзбек ұлысының заңды мұрагері және «көшпелі өзбектер мемлекетінің» негізқалаушысы Абулхаирдің сүйікті немересі санады. Ойлап қарасаңыз, Алтын Ордадағы Сарай тағын тартып алған, Мәскеуге «ұлы княжениеге» жарлық берген Өзбек хан да батуид емес, шейбанид болған деуге барлық негіз бар. Қазақ даласында Урус ханның династиясын қайта орнатқан ордуид урусидтер Жәнібек пен Керейдің билігінде қалған өзбек-казактар, могол-казактар, кырғыз-казактар, ноғай-казактар және өзге казактар ерте ме, кеш пе казак деген сыртқы атаумен қалып және оларға Урус атын беретін ортақ урусид хан болмағасын, бұл жағдайға үйренісу керек еді. Және мұндағы мәселе қазақтардың саяси сүйіспеншілігінде емес, өйткені тек Шыңғысханның отырықшылыққа қарсы өсиетіне ергенде ғана казак боп қалуға болады, яғни рухы мықты (тюркют, мангул) және, ең бастысы, ерікті ер, жаугер казак боп қалу. Ал бұл, кешіріңіз, этнос пайда болуының тек саяси емес, әбден классикалық мәдени-тұрмыстық негізі. Ол тілден де күшті этностың өзгешелігін көрсетеді. Тіл этникалық болмыстың қажетті, бірақ жетімсіз шарты, ал өз мемлекеттілігің этнос пайда болуының жетімді, бірақ қажетті емес шарты. Айтпақшы, өзбек шейбанидтардың ру-тайпалық құрамына қатысты Әкімбеков Бенаидің «Шейбани-Намесінен» Өзбекстанға кеткен тайпалардың аттарын келтіреді: «көшші, найман, ұйғыр, күрлеуіт, дүрмен, қият, тұман, маңғыт, коңырат, қытай, таңғұт, чимбай» (сонда, 502 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда этносқұраушы казактар одақтарының бірі жоқ. Ал олар қазақтың Ұлы, Орта, Кіші деп аталатын үш жүзінің құраған усун (хушин, уйшун), аргын (аргун, арикан, аргынот) және алшиндар (алшун, алшин). Бұл үш жүз, оларды өзге ордалармен казактардан (соның ішінде, орыс-казагынан да) ажырату үшін тікелей казак ордалары деп аталған: Усунь, Аргын және Алшин ордалары. Енді тек Әкімбековтің қазақ жүздерінің саны мен үлкендігіне қатысты пікірін білсек жетіп жатыр. Және мұнда Т. Сұлтанов «қазақ тарихының жұмбағы деп атаған әлі уақытқа дейін шешімін таппаған үш жүз мәселесі бойынша Әкімбековтің аса көп жұмыс істегенін мойындауымыз керек. Жүздер үлкендігінің гипнотикалық критерийіне байланысты ешкім бұл жөнінде ішкі қайшылығы жоқ теория жасай алмай отыр. Ю. Зуев айтқандай, «бәріміз де тығырыққа тірелдік». В. Бартольд сияқты ғұламаның өзі ХХ ғ. 20 жылдарында «бұл ордалардың көштері шығыстан батысқа қарай орналасқан» және де Ұлы Жүз даланың ең шығыс жағында орналасса, Кіші Жүз – ең батысында» және де «ордалардың атауы көшпенділердің санына байланысты емес (саны жағынан Кіші Жүз ең ірісі болған), оған кірген рулардың үлкендігіне байланысты (сонда, 542 б.). Әкімбеков жасаған бұл мәселеге келу жөніндегі негізгі тәсілдер классификациясымен жалпы келісуге болады, тек оларды «аңыздық-тарихилық» және «табиғи-тарихилық»