Жалған. Жанна Ермековна Курмангалеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Жалған - Жанна Ермековна Курмангалеева страница 6
Толқын жылқыны бүйріне өкшесімен сәл итерді. Бүркіт адуынды жүгіре жөнелді. Жел қыздың бұрымдармен ойнап жүрді. Қуаныштан құйрығын аздап көтере салып, мойнында жаңа адамның ерке қолын сезіп, жылқы шабысын қайта-қайта жеделдетті. Желпілдек жал сіңліннің бетін жаба салды, бірақ Жұлдыз бәрінің жақсы екенін сезіп тұрды. Айналып жүріп, қарқынын кеміп кетпей, пысқырып та шанды көтеріп, Бүркіт пен салт атты оның қасында тоқталып қалды. Желден қызарып кеткен сіңлі күлімсіреді.
– Қалай?
– Күшті ғой! – Толқын жылқыны Жұлдыздың қасында жүруге жіберді.
– Енді түсінесің бе? Бұл… еркі бұл жерден басқа ешқайда жоқ. – Көзін жұмып, Жұлдыз аз уақытқа Толқын туралы ұмытып кетті. – Мен бұны мені жек көретін ауылдағы өмірге айырбаса алмаймын. Түсінесің бе? – сіңлінің көзіне өтінішпен қарап, қайта сұрады Жұлдыз.
– Мен бұны әркашан түсінетін болдым. Бір де айтқан сөзім бар ма?
Толқынның бетінен көңілді сәулесі ғайып болды, ол ойға шомып көзін сығырайтты. Дегені рас, айтқан жоқ. Мүмкін, Толқын болмаса Жұлдыз ауылды баяғыда тастап кетер еді екендігін түсінеді. Оның әпкесі ұялды. Жұлдыз Толқынның қиналып жалтақтағанын байқады.
– Бізден басқа мұнда ешкім жоқ екені есіңде ме?
– Иә…
Сіңлі зауықсыз көзін Бүркіттің шоқтығына түсірді.
– Мен саған бұны айтқан болғанмын, және тағы да қайталамын – мен анау түнде ешкімді көрген жоқпын. Сен елестеттің.
– Мүмкін солай.
Жұлдыз сіңліннің қорқынышын жоя алмайтынын түсінді. Бірнеше жыл бұрын Толқын оның бір аруақ туралы еске түсіреуінен азапталғанын мойындады. Әлі бөпе кезіндегі тұтқындар қаласынан қашуынан қалған жалғыз есінде сақтағаны. Бірақ Жұлдыз ана күні ешкімді көрген жоқ деп ант бере алады. Шынында айтқанда, аруақтар туралы ойлаған да жоқ. Бір кездессе де, тұтқындардың жауынгері емес болса бәрі жақсы. Бұл қорқыныш болмаса, Жұлдыз таулықтардан баяғыда көшіп, жеке тұрар еді.
– Толқын, біз Саткын екеуіміз кетеміз.
– Немене? – Толқын жылқыны баяулаттып, әпкеңе тесіле қарады.
– Таңда біз кетеміз.
– Жаңа ғана оралдыңдар ғой!
– Жедел жұмыс туды, бару керек. Әй, ол мен үшін емес қой!
Толқын, не айтқанын таба алмай, ренжіп ернін емерді да бұртия қалды. Жұлдыз еріксіз күлімсіреді. Дәл кішкентай кезіндей.
– Алғашқы қар түскен кезде ораламыз. Уәде беремін.
Толқын