Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы. Нарша Булгакбаев
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы - Нарша Булгакбаев страница 1
Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі.
Біз «ЖОҚ» нәрсені ойлауға дағдыланғанбыз, «БОЛУЫ КЕРЕК» туралы нәрселерді ойлауға дағдыланғанбыз, және содан кейін жағдайды қалай «ТҮЗЕТУГЕ», «ШЕШУГЕ» немесе «ЖАҚСАРТУҒА» болатындығы туралы ойлауға дағдыланғанбыз. Және осылайша, енді ғана оянып жатып, сіз барлық проблемаларыңызға автоматты түрде назар аудара бастайсыз, сіз сол күні қарсы тұру керек болатын проблемаларға. Алайда, егер сіз өз өміріңізге шынайы көзқараспен қарасаңыз, сіз сезетін боласыз – проблемаларды шешу, еңбек ету және қалаған нәрсеге ие болу, сіздің өмір сүру сапаңыздың түбегейлі фундаментін жақсартпайды. Шындығында, мұның бәрі, бәлкім, сіздің өміріңіздің сапасын нашарлататын шығар, сіздің өміріңізді қызықсыз, мәнсіз, мағынасыз және өзіңізді басқалардың алдында тартымсыз ететін шығар…
Өмір – бұл шығармашылық процесс
Шығармашылық процесс туралы сөйлесейік. Сіз бен біз өз өмірімізді ең жақсы түрде құрғымыз келеді. Ол үшін, біз өмірмен бірге жүзуіміз керек, өмірге қарсы жүзудің орнына. Өмірмен бірге жүзу үшін бізге өмір заңдылығы бойынша жасау керек:
1) БОЛ 2) ІСТЕ 3) АЛ
Біз БОЛ – ды ұмытып кетіп, бірден ІСТЕ – ге кірісіп, АЛ – уға жанталасамыз.
Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге (яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізу) дейін жалғасады. Болмыс деген сөздің не екенін түсіндіріп өтейін, оны басқаша адамның қазіргі шынайы жағдайы деп атайды. Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген. Біз жаратылған сәттен бастап мәңгілік бақытты БОЛУ үшін жаратылғанбыз (ерте ме кеш пе, ол маңызды емес). Ал біз бақытсыздық деп санайтын нәрселердің барлығы иллюзия. Ол бәрібір түбінде ұмытылады, сіз жеңіп шығасыз, екі өмірде де, жалпы бір-ақ қана бақытсыздық бар – ол сыналу (сынақ), бірақ бұның өзі бақытқа апаратын жол, себебі біз бұл Жаратушының методикасы арқылы шыңдаламыз.
Ал нәтежие дегеніміз белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сол себепті адамның болмысы да, сүрген өмірінің нәтижесі де – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылған. Тіпті оны Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Құдай бір қабылданған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол оның толық салдарын біледі.
Болу – бұл ішкі тәжірибе, ол сіздің ішіңізден келеді. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз – сіздің бақыт немесе қанағаттану деңгейіңіз – бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де осыған байланысты. Егер сіз: «Мен бақытты боламын егер де…» деп айтсаңыз, сіз ешқашан бақытты болмайсыз.
Сіз – жаңа жұмыс сіздің өміріңізді өзгертеді деп ойлайсыз делік. Сонымен, сіз жаңа жұмыс табасыз және жақын арада белгілі болады – бұл баяғы ескі, ешнәрсе өзгермеген жұмыс екен, сол баяғы адамдармен сөйлесу керек, жауапкершілікті қолға алу керек, қатаң мерзімді сақтау керек және сіз сияқты дүниеге байланған адамдармен жұмыс жасау керек. Бұл шындық. Сол кезде сіз түсінесіз, бұл жұмыс сіз үшін сапалы өзгерістер әкелмейді, сондықтан сізге тағы басқа бақыт көзін іздеу керек болады, сондықтан сіз өзіңізді бақытты сезіну үшін тағы басқа нәрселер іздей бастайсыз. Мүмкін сіз ойлайтын шығарсыз – жаңа жұмыс, жаңа үй, жаңа көлік, бала табу немесе табыстың артуы сіздің өміріңізді өзгертеді немесе сізді бақытты қылады деп. Алайда соңында, ақырында сіз осының бәрін ІСТЕ – йсіз, қалағаныңызды АЛ – асыз, бірақ сіз әлі де бақытсызсыз. Себебі қарапайым. Бізден тыс ештеңе, бізден тыс орта – бізді бақытты етпейді, өйткені бақыт – бұл іштен сыртқа бағытталған тәжірибе. Бұл ақиқат. Ал көп адамның бойындағы жалған сенім – бақыт, сырттан ішке жиналуы керек уақытша тәжірибе. Шын бақыт ең әуелі шынайы болмыс деңгейінен, БОЛ – удан басталады, себебі адамға бақытты болу үшін өмірде БОЛ – уның өзі жеткілікті, бірақ біз бақытты ІСТЕ мен АЛ арқылы өлшейміз.
Неліктен «бақыт этикасы» жұмыс істемейді?
Біз бұл туралы айтқан болатынынбыз, ақиқатында өмірдің қалай қарай ағып жатқанын – болмыстан <әрекет етуге, әрекет етуден <иелік етуге. Бірақ, өкінішке орай, өз өмірін құру үшін, адамдардың көпшілігі қолданатын бақыт этикасы, әрекет етуден <иелік етуге, иелік етуден <болмысқа қарай ағады. Бақыт