Жан сөзі. Мағжан Жұмабаев
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Жан сөзі - Мағжан Жұмабаев страница 1
ЖАН СӨЗІ
Өмір – теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай – толады жиырма жеті.
Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты,
Содан бері Күн талай шықты, батты.
Ес білгелі алыстым өмірменен,
Өмір – теңіз толқыны тым көп қақты.
Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қаңғырды, ол не тапты?
Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай, қалды тұрып.
Ессіз жүрек, бөгелші бір азырақ,
Отыз тұр ғой үңіліп, арты – қырық.
Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа, суға ұрынғаным.
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?!
«Жел бол!» – дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!
«От бол!» – дедің, от болып жанбадым ба?
Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым,
Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба?!
«Су бол!» – дедің, сылдырап ақпадым ба?
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.