Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 6

Жанр:
Серия:
Издательство:
Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар

Скачать книгу

Кейінгі толқын буынға одан шама-шарқымызша сыралғылатып сыр қозғап көрмекпіз.

      1 тарау

      1 бөлім

      ЖЕТІ АТАМ МЕН ЖЕТІ БУЫНЫМА ДЕЙІН

      Қазақ шежіресі «әу» дегенде жеті атасынан басталады. Жеті атамызды білмейтін шежіре жетімсіреп тұратыны анық. Жеті атамызды білу үшін әкемізден бастап, жетінші буынға дейінгі тегімізді: әкемізді, атамызды, арғы атамызды, бабамызды, арғы бабамызды, түп атамызды, тек атамызды білуіміз шарт. Кері қарай санайтын болсақ бұл енді ата емес, ұрпақ санын білдіреді. Демек: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат (жүре келе жат) болып келеді де, сегізінші ұрпаққа жеткенде туажат деп аталады. Мағынасы: ол кім, мен оны білмеймін, ол маған қандас туыс емес, туғалы жат жан дегенді аңғартады. Сондықтан осы «туажатқа» дейін біздер қыз алыспайтын туысқан, бауырмыз. Қазақ бұл дәстүрді ұрпақ қанын бұзбай, оның ағза мен жан тазалығын сақтау мақсатында ұстанғаны белгілі.

      Жақын адамдар қан араластырса бойларында белең алған ауру-сырқау, тағы басқа ағза кемшіліктері келесі ұрпаққа тұқым қуалап, күшейіп жетерін бүгінгі медицина мен биология ғылымдары әлдеқашан дәлелдеп берген. Ата, ұрпақ түсініктерімен қатар оларға туыс буын деген де ұғым бар. Бірақ бұларды бір-бірімен шатастырып алмауымыз керек. Буын сөзі ата мен ұрпақ түсініктеріне олардың реттік сандарын анықтарда қосылып айтылар ортақ атау. Мәселен, 13-ата немесе 5-ұрпақ деп емес, 13 буындағы атасы, 5 буындағы ұрпағы деуіміз дұрыс естілмек. Сонымен Ата дегеніміз атынан-ақ көрініп тұр, шаңырақ құрған, артында ұрпақ қалдырған буын. Ал артында ұрпақ қалдыра алмаған буынды ешкім ата дей алмайтындығы бесенеден белгілі. Ол тек буын күйінде қала бермек.

      Буынды ортақ атау дейтін себебіміз – өмірде бір әке, бір шешеден бір-ақ бала тумайды ғой, олардың бірнешеу болып келетіндігі әбден мүмкін. Бірақ осындай біртуған, біртуған болмаса да құрсақтас, құрсақтас болмаса да кіндіктес, кіндіктес болмаса да ағайын болып келетін аталар мен ұрпақтар саны қаншау болмасын реттік санын өзгертпей бір буын болып саналатындығы екібастан белгілі.

      Бәз біреулер жеті атасын өзінен бастап тарқатады. Бұл дұрыс емес. Қандай ұрпақ болмасын жеті атасын әкесінен бастап санауы тиіс. Егер туыс буындардың жетінші аталары бір адам болса олар әлі де болса қыз алыспайтын жақын туысқандар. Себебі тұқым қуалайтын қандық белгілер биологиялық деректер бойынша жетінші буыннан кейін ғана әлсіреп, өше бастайтын көрінеді. Әлбетте, жеті ата дәстүрін тек бұл мақсат үшін ғана ұстанбаймыз. Бастысы–тегімізді білу үшін қолданамыз. «Тегін білмеген–тентек, жеті атасын білмеген–жетесіз»,-деп көне көз қариялар бекер айтпаса керек. Тексіз деген ауыр сөз. Тексіз болу қиын. Тегі мен жеті атасын қу жетімдер ғана білмеген. Кімнен туып, кіммен туыс екендігін білу әркімге шарт. Басы ауырып, балтыры сыздай қалғанда жанашыр болып кеңес берер, арқа сүйер жақыны жоқ жалғызіліктік кімге болса да ауыр сын

Скачать книгу