1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 2
2. Табиғи өсім туралы хабарлама беретін ағымдағы есеп, яғни туу, өлім-жетім, неке, ажырасу туралы мәліметтер;
3. Халықтың механикалық қозғалысы туралы есеп немесе миграция;
4. Халық қозғалысының басқа да аспектілерін бақылауға арналған арнайы іріктеу;
5. Тізімдегі халық саны, оның құрамындағы өзгерістерді бақылап отыратын халықтың ағымдағы есебі.
Халық санағы материалдары – шынайы қабылдауға болатын дерек. Санақ материалдары бойынша тексеру жүргізіліп отырған сәттегі белгілі бір жас мөлшеріндегі адамдардың санын, олардың отбасы жағдайын анықтауға мүмкіндік. Оны демография, экономика және әлеуметтік мәліметтердің нақты бір мерзімде, анық бір жерде өтуі, жинақталуы, өңделуі және баспада жариялануының жиынтығы деуге де болады3.
Санақтың негізгі критерийлеріне:
1. орталықтандырылуы, яғни санақтың ресми, жергілікті органдардың қатысуы арқылы мемлекет тарапынан жүргізілуі;
2. мемлекеттің қаулылары немесе статистика мекемелерінің шешімдері бойынша белгілі бір шекара шеңберіндегі нақты бір аумақтың қамтылуы;
3. жаппай немесе барлық адамның қамтылуы және бір уақытта екі жақты есеп жүргізбеу;
4. бір-ақ рет жүргізу, яғни есептеудің анық бір орынға және белгілі бір уақытқа бағыныштылығы немесе қысылтаяң уақыт;
5. тіркеудің жеке-даралылығы, яғни үй шаруашылығы мен отбасы мүшелері толық қамтылатын мәліметтен де басқа, әр адам туралы жеке-дара есеп жинау;
6. географиялық шеңбердегі демографиялық және әлеуметтік белгілері сипатталатын мәліметтердің өңделуі және баспада жариялануы4 жатады;
Сондай-ақ демографиялық санақтардан басқа іріктеу санағы, ағымдағы бақылау немесе ағымдағы ауыл шаруашылығы санағы материалдары дегендер де бар.
Ағымдағы статистиканың арнайы ұйымдары, яғни жергілікті жерлердің табиғаты, ауылшаруашылық жағдайы туралы жан-жақты хабар жинайтын ерікті тілшілер жүйесі. Олар жергілікті, өз жерін жақсы білетін адамдардан құралды. Олардың жұмысына сұрақ-жауап бланкілерін, дәптерлерді, бюллетеньдерді қажетті жауаптармен толтырып, мемлекеттік статистика (Орталық статистика басқармасы мен губерния статистика бюросы) органдарына тапсыру жатты. Сосын бұл мәліметтер Орталық статистика басқармасында жүйеленіп, қорытындылары арнайы анықтамалықтарда жарияланған. Мысалы, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында Орталық статистика басқармасының Қазақ
2
Демографический энциклопедический словарь. – Москва, 1985. – С. 314.
3
Массовые источники по социально-экономической истории советского общества. – Москва, 1979. – С. 22.
4
Сонда.