Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 2

Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев

Скачать книгу

жасасқан халықаралық шарттардың депозитарий функцияларын жүзеге асыру;

      – Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;

      – Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      – мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;

      – шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру.

      Сондықтан да Қазақстан өз мүддесінің шеңберіне енген елдермен тұрақты саяси қатынасқа түсіп экономикалық байланыстарын дамытуда. Ал Қазақстанда шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер санының ұлғая түсуі халықаралық істе еліміздің маңызды серіктес ретіндегі беделінің өсе түскендігінің белгісі. Сыртқы саясатты тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметін, оны жүзеге асырудағы маңызды саласы дипломатиялық құжаттаманы ресімдеуді жетілдіру қажет.

      Күнделікті мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі ретінде дипломатия XIV-XVII ғасырдың тоғысында кең етек алғаны белгілі. Сол кезден бастап мемлекет билеушілерінің сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдіктер пайда болып, мемлекеттік мекеме жүйесінде – мемлекеттер арасындағы хат алмасумен айналысатын, шетелдік өкілдер мен елшілерді қабылдайтын, келіссөз жүргізетін және басқадай да мемлекетаралық істерді орындайтын арнайы қызмет қалыптасты.

      Дипломатия сыртқы саясаттың бөлінбес бөлігі ретінде тек қане келіссөздермен ғана шектеліп қоймайды. Жалпы қабылданған анықтама бойынша мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құрал ретінде дипломатия – бейбіт шаралардың жиынтығын, нақтылы бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістерді білдіреді; шетелдегі мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлігінің, сыртқы істер мекемелерінің, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі; мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырушы өкілдерінің халықаралық мәжілістердегі қызметі, сонымен бірге мемлекеттің шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған қызметі. “Дипломатия” ұғымын халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, өзара тиімді шешімдер мен мәмлеге келу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейте және тереңдете түсу мақсатында келіссөз жүргізу өнерімен де байланыстырады. Яғни, “дипломатия” ұғымы мемлекет басшыларының, мемлекеттік биліктің жоғарғы мекемелерінің, сондай-ақ

Скачать книгу