Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова страница 3

Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова

Скачать книгу

болып табылады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің кейбір нысандарына байланысты қосымша объектілер ретінде адамның өмірі, оның жеке тұлғаның бостандығы қарастырылуы мүмкін.

      Барлық меншікке қарсы қылмыс түрлерінің қастандық заты мүлік болып табылады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің кейбір түрлері бойынша заң шығарушы қастандықтың затын кеңейтілген түрде енгізген, оған мүлікті иелену құқығы жатқызылған. Мүлікті қорқытып алу кезінде қылмыстық қастандықтың заты мүліктік сипаттағы әрекеттер болып табылады.

      Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің объективті жағы нәтижесінде иеленушіге немесе заңды иеленушіге материалдық зиян келтірілген бөтен мүлікті алудан және иеленуден құралады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу кезінде тұлғаның бөтен мүлікті өзінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына айналдыруы қылмыстық нәтиже болып саналады. Мүлік иеленушіден немесе өзге заңды иеленушіден айыптының заңсыз иелігіне көшеді. Сондықтан иеленуші жоғалтқан мүлікті немесе иелену құқығынан бас тартқан мүлікті өзінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына айналдыру бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу болып табылмайды.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы 2001 ж. 21 желтоқсанындағы № 15 қаулысының 3 тармағында көрсеткендей, жалпы ереже бойынша «қарақшылық пен қорқытып алушылықты қоспағанда, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді мүлік алынған болса және айыптының оны өз еркі бойынша билік ету немесе пайдалану мүмкіндігі бар болса, яғни иеленушіге немесе заңды иесіне нақты материалдық зиянның келтірілуінен бастап аяқталған деп санауға болады». Тұлғаның ұрланған мүлікті өз еркімен билік ету немесе пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы аяқталған қылмыстың нышандар құрамы жоқ дегенді білдіреді. Субъектінің мұндай мүмкіндігінің бар-жоғы туралы мәселенің шешуі жасалған бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің нақты жағдайлары мен шарттарына байланысты. Осылайша, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу көпшілігі материалдық нышандар құрамдарымен сипатталады. Ал, қарақшылық (ҚК 179 б.) пен алаяқтық (177 б.) келте, формальды құрамды түрде қарастырылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы көрсеткендей, қарақшылық мүлікті тікелей иелену мақсатымен күштеу қолданған сәттен немесе оны қолдануға қорқыту сәтінен бастап, ал қорқытып алушылық – ҚК 181 б. аталған әрекеттерді жасауға қорқыту арқылы мүлікті тапсыру туралы талап етілген сәттен бастап аяқталған болып табылады.

      Жоғарыда айтылғандай, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің субъективті жағы тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

      Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің субъектісі заң белгілеген жасқа жеткен, жауап беруге қабілетті есі дұрыс тұлға болып табылады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің кейбір түрлерінде бұл жас шамасы дифференциацияланады. ҚК 15 бабына сәйкес ұрлық, тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық үшін 14 жасқа толғандар, ал бөтеннің

Скачать книгу