Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 24

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

дамуы, экономикалық, атап айтқанда, энергетикалық саладағы ынтымақтастық сияқты кең көлемді мәселелер бойынша екіжақты қатынастарды күшейту жолдары талқыланды. Қазақстан Перзиденті Каспий энергетикалық ресурстарды экспорттау үшін құбыр жолдарының көп нұсқалық бағыттар саясатын растады.

      20 сәуір. ҚР Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары. Н.Ә. Назарбаев пен Президент И. Кәрімовтің кездесуі барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыс мәселелері талқыланды.

      20 сәуір. Ташкентте Президенттер Н.Ә. Назарбаев, Э. Рахмонов, А. Ақаев және И. Кәрімов лаңкестік, саяси және діни экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және де тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қауіптерімен күресуде бірлескен қимылдар туралы шартқа қол қойды.

      26 сәуір. Алматыда Еуразиялық экономикалық форум ашылды. Мемлекет басшылары еуразиялық аймақ дамуының мәселелерін, оның мүмкіндіктері мен қиындықтарын, инвесторларға тартымдылық және әлемдік аренадағы рөлі талқыланды. Бұл шарада әлемнің 37 елінен 500-дей саяси көшбасшы, алдыңғы қатарлы кәсіпкер және халықаралық сарапшылар қатысты.

      27 сәуір. Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалары үшін арнайы БҰҰ бағдарламасының тұсаукесері болды. Шараның басты мақсаты – Орталық Азия мемлекеттерінің Еуропа мен Азия экономикаларына интеграциясы және экономикалық дамуы қарқындарын жылдамдату үшін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

      10-11 мамыр. Қазақстанға мемлекеттік сапармен Литва Республикасының Президенті В. Адамкус келді. Мейман мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдауында болды.

      23 мамыр. Минскіде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының саммиті өтті. Онда Кеден одағының қатысушы мемлекет басшылары интеграциялық үдерістердің одан әрі дамуының негізгі бағыттары белгіленді.

      13 маусым. ҚР Президентінің Тәжікстан Республикасына ресми сапары болды. Екі мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

      19 маусым. ҚР Президентінің Ресейге ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаевтың В.В. Путинмен кездесуі болды. Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр» кешенінің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдеме мен меморандумға қол қойды.

      26 маусым. ҚР Президенті жұмыс сапарымен Бельгия және Брюссельдегі Еуропалық комиссияның штаб-пәтерінде болды. Елбасы ЕК Президенті Р. Продимен кездесті.

      27 маусым. ҚР Президентінің Францияға ресми сапары. Француз басшысымен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар халықаралық және аймақтық мәселелердің кең көлемі талқыланды.

      4 шілде. ҚР Президенті Астанада НАТО-ның Бас хатшысы лорд Дж. Робертсонмен кездесті. Келіссөздерде ҚР мен НАТО арасындағы

Скачать книгу