ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы страница 7

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы

Скачать книгу

поэмалардың көркемдік ізденістері мен жетістіктері.

      5. "Рүстем-3ораб" дастанының қазақ әдебиетінің аударма тәжірибесіндегі орны.

      СӨЖ тақырыптары:

      1. М.Сералин шығармашылығының басты тақырыптары.

      2. Ақын өлеңдеріндегі идеялық-көркемдік ізденістер.

      3. Ақын аудармасындағы азаматтық сарын.

      4. «Гүлкәшима» – лирикалық поэма.

      5. М.Сералин – “Айқаптың” бас жазушысы.

      Реферат тақырыптары:

      1. М. Сеалин және қазақ әдебиетіндегі ағартушылық бағыт.

      2. М. Сералиннің тәржімашылдық қызметі.

      3. М. Сералиннің ақындық ерекшелігі.

      4. М. Сералин және «Айқап» журналы

      5. М. Сералин шығармашылығының зерттелуі

      АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

( 1872– 1938)

      Шығармашылық өмір жолы. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік қозғалыс өріс алып, кеңге қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық өмірдің өрінде жаңа тұлғалар көзге түсіп, ұлттық сананы жаңа өріске бағыттауға ұмтылуында еді. Солардың ішіндегі көрнектісі ұлттың ұлы ұстазына, рухани көсеміне айналған дара тұлға Ахмет Байтұрсынов болатын. Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі ұлттың биік рухынан нәр алған жаңа сарын – ұлт-азатшылдық бағыттың негізін қалап, азаттықтың ақ жолын ұсынды.

      Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5-қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы Ә.Жангелдин ауданының Торғай атырабындағы Ақкөл жағасында дүниеге келген.

      1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елде ұлт-азаттық саяси күрес күрт белең алады. Халыққа шынайы бостандық іздеген қазақ интеллигенциясының өкілдері әртүрлі партиялар мен ұйымдар құра бастады. А.Байтұрсыновтың осынау замана ағымындағы істерден тыс қалуы мүмкін емес еді. Сол тұста ұлттық теңдікті аңсаған Ахмет өз пікірлестерімен бірге «Алаш» атты партия құрып, 1917 жылдың жазынан Алашорда жетекшілерінің біріне айналады. Осы партияның бірінші және екінші съезінде ұйымдастырушылық қызмет атқарып, ол авторларының бірі болып саналатын «Алаш» партиясын құрудың жобасы алғаш «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында жарияланады.

      1937 жылғы 8 қазанда Алматыда ұсталып, 1938 жылы желтоқсанның 8 күні жазықсыздан жазықсыз ату жазасына бұйырылып, атылады.

      Міне, өз ұлтының рухани ой-санасын өрістетуді, отаршылдық езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат жігерін соған арнаған ұлы тұлға осылайша 64 жасында еліне теңдік әпереді деп ұққан Кеңес өкіметінің қаһарлы үкімінен қаза тапты. Бірақ А.Байтұрсынов кейінгі ұрпағына мың жыл азық боларлық рухани мұра қалдырып кетті.

      А.Байтұрсынов әдебиеттану саласында да ұланғайыр еңбек етті. 1923 жылы «Ер Сайын» жырын, 1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақты Мәскеуден шығарып, алғы сөз жазып, түсініктемелер берді.

      Ал әдебиетке қатысты келелі ой-пікірлерінің бастау көзі – 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың

Скачать книгу