Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов страница 4

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов

Скачать книгу

өсінен айналып тұрған дененің ауырлық күші өрісінің жарықтың таралуына әсері» деген мақаласы шықты. Бұл мақаланы шығару үшін редакцияға жолдама берген академик В.А. Фок. Н.М. Петрова маған ең әуелі, осы жұмыспен танысыңыз деді. Кейін осы таныстықтан жоғарыда айтылған дипломдық жұмыстың тақырыбы шықты. Біздің есебімізде жарықтың орнына массасы бар материалдық нүктенің қозғалысын зерттеу керек болды. Мен бұл есепті төтенше, өте қысқа жолмен – Гамельтон-Якоби теңдеуін пайдаланып шешпек болдым. Бізден бұрын осы теңдеу Шварцшильдің «Материялық нүктенің орталық дененің гравитациялық өрісіндегі қозғалысы» деген есебінде пайдаланылған. Біздің есебімізде осы орталық дене өз өсімен айналады. Бұндай есеп жаңа және қызық та еді. Жолымыз болып осы есепті шештік. Гамильтон-Якоби теңдеуіне айнымалыларды ажырату әдісін пайдаландық. Осы кезде қуанғаным-ай! Менің қуанышымды ғылыми жетекшім Н.М. Петрова және дипломдық жұмсымның рецензенті ҚазКСР ҒА астрофизикалық институт директорының орынбасары профессор Г.М. Идлис те бөлісті. Не керек, дипломдық жұмысты беске қорғадым. Оның үстіне ҚазКСР ҒА астрофизикалық институт директоры, КСРО ҒА академигі В.Г. Фесенковқа аспирантураға түсуге жолдама алдым. Алда физикадан мемлекеттік емтихан қалған. Бұл 1959 жылдың мамыр айы еді. Осы кезде кенеттен бір пәлеге ұшырадым. Мені ұлтшыл деп айыпқа тартты. Істің мән жайы былай. 1958 жылы күзде менімен жатақханада бірге жатқан қазақ баласы жасы үлкен, бірақ менімен бірге оқитын орыс баласымен айтысып қалады. Айтыстың басы орыс баласының: «Қазақтардың физикаға таланты жоқ» деген сөзінен шығады. Айтыс қызады, басқа студентер де жиналады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, орыс баласының солай айтып отырғаны, бізде, физика бөлімінде, жоғарғы курстарда қазақ балаларының саны өте аз болатын. Бірінші курсқа қабылдайтын барлық баланың саны 75 болса, оның ішінде тек оны ғана қазақ еді.

      Меніңше, бұның себебі мынада болуы керек. Ол кезде физика-математика факультетінің физика бөлімі тек орысша болатын, қазақ бөлімі болмайтын. Оқуға түсерде біз сегіз емтихан тапсыратынбыз. Оның үшеуі орыс тілі – әдебиет, тіл, шығарма. Орыс, қазақ деп бөлінбейтін. Сондықтан, қазақ ауылдарынан, қазақша мектеп бітіріп келген біз сияқты балаларға орыс тілінен үш емтихан тапсырып, орыс балаларымен конкурсқа түсу өте ауыр да, әділетсіз де жағдай болатын. Оны ойламайтын орыс баласы жазған қазақтарды физикаға таланттары жоқ деп айыптайды. Айтыс қызады. Бір мезгілде қазақ баласы өз бөлмемде тып-тыныш ұйықтап жатқан мені оятып, қоярдан қоймай, дедектетіп айтыс болып жатқан жерге алып келсін. Мен де бұл айтысқа белсене кірістім, бір мезгілде, қызып алғаным ғой, біздегі оқуға түсер алдындағы алатын емтихандар тәртібі дұрыс емес, әділ емес, бұндай бостандық – буржуазиялы бостандық деппін. Тағы да біраз нәрселер айтқаным болуы керек, әйтеуір осы әңгімені мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жеткізеді. Бұлар менің сыртымнан тоғыз айдай бақылау жасаған көрінеді. Әйтеуір, құдай сақтап, басқа мұндай әңгіме болмағанға ұқсайды. Екінші

Скачать книгу