Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница 2
Қозғыштық – ол тканьнің қасиеті, қабілеттілігі, ал қозу – бұл күрделі процесс. Сондықтан да қозғыштық қасиетін байқау, көру, анықтау үшін сол тканьді тітіркендіру арқылы анықтап, тіркеуге болады. Әрине, оны зерттей білу, көру макродеңгейде, микродеңгейде жүргізіліп анықталады. Микродеңгейде, ол тканьге тән сол мүшенің қызметі, мысалы, еттің жиырылуы, ал микродеңгейде әрекет потенциалының пайда болуы. Сондықтан да қозу процесінің ең бір жалпылама, айқын көрінісі “әрекет потенциалымен” тығыз байланыстылығы.
Қозуды анықтаудың ең басты өлшемі – тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің минималды күші. Олардың ішінде біреулері өте нашар дыбысты жақсы естісе, керісінше, нашар дыбысты естімейтіндер, тек жоғарғы қатты дыбысты естиді. Сонымен тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің ең минималды күші дегеніміз – жеткілікті мөлшерде қозуды тудыратын күші.
Қозғыш тканьдерге жататындар: нерв, ет және безді құрылымдар. Оларға тән басқа қасиет аяқ астынан немесе тітіркендіргіштердің әсерінен қозып жауап қайтару.
Қозу – әрекет потенциалының пайда болып, тканьдердің өзіне тән жауап қайтаруы, мысалы жиырылып, секрет бөлу арқылы, медиаторлар шығару арқылы.
ҚозҒыш тканьдердіҢ Қасиеті жӘне кӨрсеткіштері жӘне оларҒа сипаттама
НЕЙРОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплзамасы арасындағы потенциалдар айырмасы.
Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған;
Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған.
Бұлшықет талшығының мембраналық потенциал мөлшері: – 60 – 90 мв.
Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңін-дегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).
ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ КЕЗЕҢДЕРІ
1. Жергілікті жауап.
2. Деполяризация.
3. Реполяризация.
4. Теріс іздік потенциал.
5. Оң іздік потенциал.
НЕЙРОН ТИПТЕРІ
Синапс – жүйке жасушаларының өзара бір бірімен және басқа да жасушалармен (бұлшықет, безді және т.б) байланысатын (жақындасатын) орны.
Нейронаралық синапстың құрылымдық сызбанұсқасы
Импульс аксон аяқтамасына жеткен кезде арнайы зат – медиатор (ацетилхолин, норадреналин,