ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ. Алтыншаш Курманаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ - Алтыншаш Курманаева страница 4
______________________________________________________________________
– Ойсана, сен сіңліндей емес, аса ақылды екенінді білгенмін. Бірақ сіңліне не болғанынын есінен шығарма. Жарайды ма? – деді Ахромат мысқылдап.
– Иә, дұрыс айтасың, мен ақылдымын және сенің мұнда жан іздеп келгенінді аса жақсы білемін. Қалтарыс ата жан аулауды баяғыда тоқтатқан, алайда, мен білетін бір рухты жан бар.
– Қандай? – деді Ахромат желігіп.
– Мен қарсымын! – деді Қалтарыс.
– Қалтарыс ата, бұған араласпаңыз! Балаларды алып, жоғарыға барыңыз! – деді Ойсана.
Қалтарыс Ойсананың айтқанын тыңдап, балалармен балконы бар бөлмеге келді. Ол Самиянның мойнына бойтұмар тақты да:
– Балам, кезінде дәл осы сәтте мен сендей мойнында айдаһардың нышаны бар бір ерекше балаға жан туралы әңгіме айттып отыратынмын. Сол кезде мен аса құбылыстарға сене бермеуші едім. Оның атын атасам, ол келмейді ғой деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін, ол бұл жолы да келді… Әлгі баланы аман сақтап қалу мақсатында мен оны сиқыршылар мектебіне көзінен жас көлдей аққанына қарамастан жібердім. Тарих қайталануда… Міне, енді үш бірдей немерем менен алшақ кетейін деп отыр… – деп өкісіп жылаған Қалтарыс қайта сөзге келіп. – Енді қандай жағдай болмасын, мықты болуға сөз беріндер! Сендер сиқыршысыңдар! – деді Қалтарыс Самиянның иығынан мықтап ұстап.
– Сөз беремін! – деді Самиян көзінен жасын шығармауға тырысып.
– Сөз береміз! – деді Райлан мен Файз.
– Ал енді мына таяқшаны үшеуін ұстаңдар! – деді Қалтарыс.
Үшеуі атасы айтқандай таяқшаны үш жақтан ұстады. Бір кезде үлкен сәулелі жарқыл пайда болды. Әрі қалай не болғаны есімді жоқ. Алайда менің білетінім үш баланың аман қалуында…
2. Жаңа қоныс
Кенеттен пайда болған көк сәуленің дауылына іліккен үш бала, бір-бірінің есімін шыңғыра атап, белгісіз жаққа кетті. Абырой болғанда, Фаиз бен Райлан бір жерге тұрақтанды. Ол – Шамшырақтар отбасысы. Шамшырақтар отбасысының үйінің баубақшасының жанына, яғни, мамық жасыл кілемдей шөп үстіне ес-түссіз құлаған екі баланы Бойдақ атты ақ ұлпа қардай ит байқамағанда, әлгі екі бала сол күйі таң атқанша жата берер ме еді? Кім біледі… Төбеттің арсылынан бірнәрсе ұққандай, дереу дастархан үстіндегі күлкіні доғаруды бұйырған, шашы апельсин қабығындай қызылсары және ұзын, түрі арыстандай сұсты, кең жауырынды, арықша, көзіне сымы ұзын көзілдірік таққан, жұртқа іс-әрекеттің адамы ретінде танылған, шапшаң сөйлейтін Каспий есімді қарт кісі орнынан атып тұрып, кішкентай терезенің пердесін түріп қарады да, далаға жүгіріп шықты. Дастархан үстінде қолына шанышқы ұстап отырған, шашы тура атасы сияқты қызылсары болғанымен де бұйра, жылы жүзді, арық, бетінде қара дақтары басым, көк көзді, жомарт мінезді, Жан есімді, жасы жиырма төрттер аралығында жас, сымбатты жігіт әйелі мен екі қызына қарады да, орынан түрегеліп, далаға