Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха). Нариман Абылайулы Абылай

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха) - Нариман Абылайулы Абылай страница 2

Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха) - Нариман Абылайулы Абылай

Скачать книгу

рет түсінідірп айтсам да, ол қызметкер менің ешкімге 1 жыл бойы менің ешкімге айыппұл салмай, ақкөңіл екенімді білетін, сонда мың тенге айыппұл салған соң, жұмысына тиянақтылау болды. Бірақ одан кейін айыппұл салмауға тырыстым, себебі бұның дұрыс емес екенін ұқтым. Айыппұл салған күні өзімді бір түрлі сезінген едім. Кітапты аяғына дейін ерінбей оқыңыздар, пайдалы кеңестер әлі алда.

      Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп. Сол сұрақтардың немесе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді? Қысқаша, жалпы сұрақты қайыратын болсам, дүниеге деген көзқарас? Дүниеге деген көзқарастың 3 түрі бар:1) Аңыз (миф) 2) Дін 3) Философия. Аңызға, дінге тоқталмай-ақ қояын. Одан да мен философия деген не және бүгінгі философия деген не деген сұрақтарға өз ойымды айтсам деймін. Философия деген даналыққа құштарлық, яғни кемеңгер болу десем қателеспеймін. Кемеңгерлік немесе данышпан – бұл философиялық тас (философский камень), бұл тасты адамның пайда болғанын бастап зерттеліп, сұрақ астында қалып жатыр… Ал бұл зерттеліп анықтамалғандықтан, бір белгісіздіктен, беймәлімдіктен екінші бір түсініксіз, белгісіз пікірлер пайда болады. Дәлірек айтқанда, нақты бір жауап айту үшін, әуелде философия пәнінің шығу тегін Грекияның қоғамымен байланыстырамыз. Деректерге сүйенсек, ойлаушы – корифейлер аристократия шеңберінде ежелгі Грекияның маңызды тұжырымдамасы, ұстанымдары «Әлем біртұтас, және ондағы барлық нәрсе өзара байланысты», бұл ұстаным қоршаған дүниенің пайда болуына негізделеді: судан, оттан, жерден, ауадан, және металлдан. Сол ежелгі Грекияда интеллектуалды элиталар жиналып, бұл тұжырымдамалар мен терминдерді ортаға салып, зерттеп, бір-бірімен пікірталасқан. Сол пікірталастарда алогизм мен софизімдік түйсік, елестеу пайда болған, оларды пікірінше, «адам- бұл қанаты жоқ тауық». Осыдан мынадай пікір қалыптасады және оны тікелей аударсақ, философия бұл -даналыққа махаббат, яғни қазақша оның мән-мағыналық формасын келтіріп, нақты айтсақ, даналыққа деген махаббат немесе даналыққа құштарлық, және бұл риторика мен логикаға негізделуі тиіс. Дегенмен, ғасырлар бойы қалыптасқан философия рационализ, эмпирим сияқты бағыттарға сүйенген, күні бүгін кейбір адамдар, мен оларды сауатсыз, көзі ашылмаған адам, нағыз надан дер едім, олардың ойынша философия бұл жалған немесе өтірік, сандырақ нәрсе деп таниды. Бірақ менің белгілі бір дерекке сүйеніп, философияның анықтамасын айтайын, философия – бұл қоршаған дүниені немесе ортаны зерттейтін ғылым, және табиғаттың (қоршаған ортаның) өзара байланыстарын зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты бар, және болады, ол дүниеге көзқарас…

      Бүгінгі философия барлығын да тәжірибеге бағындырады, ақыннан бастап, математик, физик, метафизиктерді қамтиды. Яғни Ф. Ницще айтқандай, «философия -бұл ғылымдардың атасы». Шыны керек, солай -ак, бірақ әр ғылым өзін жоғары бағалайды, мысалы: «математика- нақты ғылым, ғылымдардың патшасы», – дейді, ал Мұхамеджан Тазабековтың сөзіне сүйенсем, «Дін- ғылымның

Скачать книгу