Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 11

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

Албан, Суан, Дулат – үшінші арыс, құрамына Шанышқылы мен Қатағанды қосып алған Қаңлы – төртінші арыс, Жалайыр – бесінші арыс, Сіргелі – алтыншы арыс. Шежіре деректерінде Бәйдібектің ағасы Байдұлладан тарады делінетін Шақшам ұрпағы санының аздығына байланысты тайпалық өреге кейіндеу жеткен. Орта жүз де алты арыс ел – Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ. Тарақты тайпасы Тәуке ханның «ноқта ағасы» институтын енгізуіне байланысты кейін дараланған сияқты»…Кіші жүздің он екі ата Байұлы да алты-алты тайпадан екі бірлестіктің қосылуы арқылы құралғаны байқалады. Әлім бірлестігі де алты арыс ел. Шежіре деректерінде Жетіру бірлестігінің де алғашқыда алты арыс ел болғаны, Тама тайпасының Жетіру бірлестігіне кейін қосылғаны айтылады». (А. Сейдімбек, 93. 86-б.).

      Бір қауым ел деген мағынаға жақын.

      АЛТЫ ЖАСАР БАЛА ЖОЛ ЖҮРІП КЕЛСЕ,

      АЛПЫСТАҒЫ ШАЛ БАРЫП АМАНДАСАДЫ

      «Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып» «жол болсын»деп тілек айту дәстүрі болған.» Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады» деген мәтел соның айғағы. (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 75.34.)

      «Алыстан қонақ келсе – ауыл адамдары оған міндетті түрде сәлем береді және үйіне шақырады. „Алыстан алты жасар бала келсе – алпыстағы адам барып сәлем береді“ деген қазақтың ғажап әдептілік мәтелі бар». (С. Кенжеахметұлы, 43.).

      АЛТЫН КҮРЕК

      «Алтын күрек – көктем желі. Арқа жұртында көктем желінің бірнеше атауы бар. Көктемгі қар ерітер қатты желді тұтастай Өкпек жел дейді. Оның аса қатты, екпіндей соққан сәттерін Атанжығар деп те атайды. Бұл жел өткір, салқын болғанымен, қарды қатырмайды, ерітеді. Өкпек жел кей мезгілде қар аралас жаңбырлы да болып келеді, кейде қара жаңбырлы болады. Осы желдің сәл жұмсақтауын Ебінің желі дейді. Арқа жұрты көктемгі күн мен түннің теңесуін „Самарқанның көк тасы еритін күн“, көктемнің басы деп, осы кеште наурыз көже деп көршілік қонақасы береді. Міне, нақ осы тұста оңтүстіктен соғатын жылы желді – Алтын күрек деп атайды. Бұл атау қарды өндірте ерітуіне қарай қойылған. Алтын күрек желі шынында да, күреп тастағандай, жерді қардан тез-ақ аршып тастайды». (С. Шүкірұлы, 9. 23.08.2001.)

      Бұл сөз тіркесін негізінен оңтүстік өлкенің адамдары қолданады, соған қарағанда оңтүстікке тән жылы, қарды күреп ерітетін желдің түрі болса керек.

      АЛТЫН АЗБАЙДЫ, ДАУ ШІРІМЕЙДІ

      «Алтын азбайды, дау шірімейді», – дейді халқымыз. Яки, дәугерлер жеті атадан бергі дауды да қуып, биге жігунуге хақылы». (М. Тағыбергенұлы.).

      Мұндағы айтылмақ ой, алтын – асыл металл, сондықтан ол бүлінбейді, тозбайды. Дау ескірмейді.

      АЛТЫН ЕРІҢ АТҚА БАТСА,

      АЛТЫНЫН АЛ ДА ОТҚА ЖАҚ

      Қанша асыл, бағалы дүние болса да, біреуге немесе өзіңе зиян, залалы тиетін болса,

Скачать книгу